26 апреля 2019, 10:30 | 212 просмотров
Пәні: жаратылыстану. Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс сыры
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
2.2.3.3 - бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру;
2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
Сабақ мақсаттары:
Бағалау критерийі:
Құндылықтарды дамыту: Дене сымбатын сақтауды үйрену, бірін-бірі құрметтеуге дағдылану
Пәнаралық байланыс: Математика, дене шынықтыру, дүниетану.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Ережені сақтайық
Кәне сабақ бастайық
АЛТЫН ЕРЕЖЕНІ ЕСКЕ ТҮСІРУ(топ ережесі)
Білу және түсіну. Өткен сабақты пысықтау мақсатында
«Ақиқат, жалған» ойынын ойнаймыз.Берілген сұрақтарға ақиқат немесе жалған деп жауап беру.
Дискрипторлар:
Берілген сұрақтардың ақиқат не жалған екенін ажыратады.
Өз ойын айтып, дәлелдейді.
ОЙ ҚОЗҒАУ
л |
ы |
ш |
қ |
е |
т |
б |
ұ |
V |
IX |
VII |
X |
XI |
XII |
II |
IV |
Рим цифрларын өсу ретімен орналастыру арқылы бүгінгі сабақтың тірек сөзін тауып алайық.
Миға шабуыл.
Бұлшық ет біздің ағзамыздағы негізгі мүшелердің бірі. Адамның қаңқасы өздігінен қозғала алмайды. Олар бұлшық ет арқылы қозғалады. Олардың көмегімен біз секіреміз, жүгіреміз, ойнаймыз, жазамыз, доп лақтырамыз. Адам денесінде 650-дей бұлшық ет орналасқан. Бұлшық еттердің түрлері көп. Ауыр және қиын жұмыс жасауға арналған үлкен бұлшық еттер және жеңіл жұмыс жасауға арналған кіші бұлшықеттер болады. Адам күлгенде 17 бұлшық ет, ал қабағын түйгенде 46 бұлшық ет жұмыс жасайды.
Ең күшті бұлшық ет шайнау бұлшық еті, ал ең кішкентай бұлшық ет құлақтың ішінде орналасқан екен.
КІТАППЕН ЖҰМЫС
Кітаптағы суретке зер салайық.
АРҚАНДЫ көрсету
Бұлшықеттер бірнеше жіңішке жіптерден орналасқан. Олар сүйекке бекіп . оны қозғалысқа келтіреді.
Қолдану. Зерттеу жұмысы
Сендердің алдарыңда дайын қолдың макеті берілген. Макетте бекітіліп тұрған резеңке бұл бұлшық ет.Топпен бірлесе отырып, бұлшық ет қалай жұмыс жасайды сұрағына жауап іздейсіңдер. Қол қимылдағанда резеңке ұзындығы қалай өзгереді?
Өздерің қолдарыңды қимылдатып көріңдерші?
Видео көру
Сергіту сәті « қаңқа биі»
Дәптермен жұмыс. 22 беттегі тапсырманы орындау
Жанындағы жұбы тексереді
Талдау және жинақтау. Топпен жұмыс. Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.
Бұлшық ет не үшін керек?
Әр топ өзінің жұмысын қорғайды, бағалайды.
«Қимыл - қозғалыс – бұл өмір», деп Вольтер айтып кеткен. Шынында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім табиғат шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әртүрлі қимыл жасап, еңкейіп, тік тұрамыз. Мұның барлығын сүйек – бұлшық ет жүйесі немесе тірек – қимыл аппараты қамтамасыз ететіндігіне көз жеткіздік деп ойлаймын.
КЕРІ БАЙЛАНЫС «Сөздер банкісі» «Біздің тақырып»
Сөздер банкісінен керекті сөздерді алып «біздің тақырыпқа» орналастыру.
РЕФЛЕКСИЯ « Бағдаршам» әдісі
Асем Бейсембаева,
Бастауыш сынып мұғалімі
М. Горький атындағы орта мектептің
Бастөбе ауылы, Қаратал ауданы