Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Талантты мұғалім-дарынды оқушыға» жас мамандар байқауы


26 апреля 2019, 10:32 | 178 просмотров



«Талантты мұғалім-дарынды оқушыға»

жас мамандар байқауы

                                               Байқау жоспары

  1. Таныстыру
  2. Үздік сабақ үлгілері
  3. Хас шеберлік /әдістемелік қоржын/
  4. Әдістемелік көрме
  5. Өз өнері

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Сарыбастау орта мектебінің жас ұстаздар арасында өтетін «Талантты мұғалім – дарынды оқушыға» атты жас мамандар арасындағы байқауға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

                     Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

                     Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                     Ұстаз болу – адамның асылдығы.

   Данышпан Абай бір ғасырдан аса уақыт бұрын: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан», «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген. Осы екі сөзден ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздың ерекше орын алатынын аңғару қиын болмаса керек. Біз ұлыларды ұстаз санаймыз. Оларды өмірге сирек келетін тума талант дейміз. Ендеше алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, бар  саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрімен сусындатуға арнаған тума талант ұстаздарды ұлылардың қатарына қосудың еш артықтығы жоқ деп ойлаймын. Себебі ұлылардың өзі сол ұстаздардың алдында білім алып, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатындығы» баршаға аян. Ендеше мектебіміздің ұстаз деген ұлы есімге лайық жас мамандарымызды шақыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Қуанышқызы Жадыра
  2. Жолдықараева Гүлзат Талғатқызы
  3. Құрмажанқызы Мөлдір
  4. Жапабаев Қуаныш Нұрқасымұлы
  5. Базарбаева Айнұр Мұратайқызы

Жүргізуші: Халқымыз «Тура биде туыс жоқ» деген екен. Қара қылды қақ жарып, әділеттілікті ұстанады деп сенім артқан қазылар алқасы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

/Қатысушылар жреби таңдап шығу ретін анықтайды/

Жүргізуші: «Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты»- деген орыс педагогы К. Ушинский. Сол сияқты бүгінгі байқауға қатысып отырған жас мамандарымыз маңдайына шұғылалы шуақ тартып, педагогикалық озық ойды дамытуға үлес қосатын мамандар болатына сенеміз. Өйткені олардың оған білімі де қуат-жігері де жетеді. Ендеше сайысымыздың бірінші турын бастайық7

Таныстыру

  1. Жүргізуші: «Білім бақыттың кілті. Мұғалім-білім дариясының мұрабы» деген екен белгілі шығыс әдебиетшісі Жүсіп Баласағұн. Ендеше сайсымыздың келесі кезеңі «Үздік сабақ үлгілеріне» берейік.
  2. Үздік сабақ үлгілері

Жүргізуші: ... Ұстаз деген-ұстаз болып туғандар,

                     Ұлылықтың ұлықтаған имандар.

                     Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

                    Өмірінің өр шақтарын қиғандар. – деп ақындар тегін жырламаса керек. Ұстаз есіміне нағыз лайық мамандарымыз бүгінгі күні бар күш –жігерлерін жинап байқауға қатысып, шеберліктерін шыңдамақ. Ендеше кезекті «Хас шеберлікке» берейік.

  1. Хас шеберлік /әдістемелік қоржын/

Жүргізуші: Ұлы педагог У. Каменскийдің «Жасөспірімдерді оқыту бұлақтан ағатын судай, ағаш бүрлерінен шығатын жапырақ, гүл, жемістей етіп жаңа ойды мәйегіне жеткізе білу» деген сөзі біздің ойымызды тұжырымдай түседі. Мектептің оқу-тәрбие жұмысы мұғалімнің шеберлігімен басталып, шеберлігімен аяқталады. Соның куәсі сайсымыздың келесі бөлімі болмақ. Ендеше баршаңызды әдістемелік көрмеге шақырамыз.

  1. Әдістемелік көрме

Жүргізуші: Шәкіртінің күлімкөз жанрлары,

                     Ұстаз үшін қиындық қалар бәрі.

                     Ұстаз болу өмірдің ең қызығы,

                     Ұстаз болу – ғұмырдың жанартауы.

Құрметті, байқауға қатысушы «Жас мамандар»! Сіздер өздеріңіздің ізденпаз, білімге құштар екендіктеріңізді көрсеттіңіздер! Байқаудың әр кезеңдері бойынша сіздердің жаңашыл, шығармашыл-ұстаз екендеріңіздің куәсі болдық. Ендеше, соңғы сыннан да сүрінбей өтеді деп сенім білдіреміз. 

  1. Өз өнері

Жүргізуші: Ұстаз білім-білігін шығармашылық еңбегімен ұштастырған, ұрпақ тағдырына адалдықпен қарайтын, ізгілік пен имандылыққа жетелейтін ұлы тұлға. Бүгінгі байқау ұстаз еңбегінің нәтижесі, жеміс деп білеміз. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі сөз кезегін әділқазы алқаларына беремін.

 

Автор:
Гулья Дүйсенбинова, Сарыбастау орта мектебі КММ оқу ісі жөніндегі орынбасары. Кербұлақ ауданы.