Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

:«Алкадиендер еліне саяхат»


26 апреля 2019, 10:38 | 203 просмотра


Сабақ түрі:Аралас сабақ

 

Сабақтың мақсаты

Білімділік: алкадиендердің алыну әдістері, қасиеттері туралы білу; алкадиендердің гомологтары, изомерлерінің формуласын құрастыру, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу; көмірсутектерді басқа кластарымен салыстыра білу.

Дамытушылық: студенттердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: студенттің өз бетімен білім алуына, ізденуіне мүмкіндік беру, ұйымшылдыққа, бір-бірін бағалай білуге, бірлікке тәрбиелеу.

 

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекі құралдар: интерактивтиі тақта, презентация, видеоматериал,

Б. Таратылатын материалдар: карточкалар, химондар, смайликтер

 

САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

I. Ұйымдастырукезеңі.

Сабақта жоқ білімгерлерді түгендеу, сабаққа дайындап алу.

Әр адам өзінің жас ерекшелігіне қарамастансаяхат жасауды ұнатады. Бүгінгі біздің сабағымызда саяхат түрінде өтпек, сіздерді менімен бірге «Алкадиендер еліне саяхат» жасауға шақырамын.Дайынбызба? Онда саяхатымызды бастаймыз. Саяхатымыз 8 аялдамадан тұрады. Әр аялдамада сіздерге арналған  әр түрлі тапсырмалар мен сұрақтар  бар, әр айтылған және орындалған дұрыс тапсырма үшін сіздерге химондар беріледі, сабақ соңында соған байланысты сіздерді бағалаймын.

II. Өткен материалды қайталау.

(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)

Саяхат аялдамалары:
1. «Кім жылдам»
2. «Формулалар әлемі»
3. «Жаңа сабақ»
4. «Химиялық кроссворд»
5. «Есептер шығару»
6. «Формула құрастыру»
7. «Крестик-нолик»
8. «Бестік тест»

1.  «Кім жылдам» аялдамасы.

- молекула құрамында 4 атом сутегі бар, көмірсутектің атауы -  метан

- этанды дегидрлегенде алынатын зат – этилен

- алкандардың жалпы формуласы – СnH2n+2

- С1-С4 дейін қандай заттар болып табылады

- алкендердің жалпы формуласы - СnH2n

- жану реакциясы ненің қатысында жүреді және қандай заттар бөлінеді – оттегінің, СО2 + Н2О бөлінеді

- А.М.Бутлеров теориясы

- Органикалық химияда С-нің валенттігі нешеге тең 4

- этеннің құрылымдық формуласы

- қанықпаған сн-р, алкендер дегеніміз не

2. «Формулалар әлемі» аялдамасы:

СН3-СН3

СН2=CH2

СН2 = С= СН –СН3    

ІІI. 3.«Жаңа сабақ аялдамасы.

Тірек сызба:

Ø Анықтамасы, жалпы формуласы

Ø Гомологтық қатары

Ø Алынуы                             

Ø Қасиеттері:  физикалық

 химиялық

Ø Қолданылуы

Ø Каучук

Молекуласында екі қос байланысы бар көмірсутектер, диен көмірсутектері  немесе алкадиендер деп аталады. Ж.ф. CnH2n-2

Қос байланыстар:

- қатар: СН2 = С= СН –СН3     бутадиен-1,2

- кезектесіп: СН2 = СН-СН = СН2  бутадиен-1,3

- алыс:СН2 = СН-СН2-СН=СН2 пентадиен-1,4

Алкадиендерді атау ережесі 
Негізгі тізбекте екі қос байланыс болу керек; 
Қос байланыс жақын жақтан бастап нөмірленеді; 
Атау түбірі − сәйкес алкан, атаудың соңы «диен» депаяқталады
Атау алдында радикал аты мен орны көрсетіледі. Соңынан тізбек аталады

Алынуы:

1. Қаныққан СН-ді өршіткі қатысында дегидрлеу арқылы алады:

СН3-СН2-СН2-СН3   t,Сr2О3  СН2=СН-СН=СН2 + 2Н2

 2. С.В.Лебедев каучук синтезіне пайдалану үшін бір мезгілде әрі дегидратациялау, әрі дегидрлеу арқылы алған:

 2С2Н5ОН t,ZnO, Al2O3СН2=СН-СН=СН22+2Н2О

Химиялық қасиеттері:

1.     Галогенсутектерді қосып алуы:

СН2 = СН-СН = СН2  +НCL →Н3С-СHCL–СН=СН2

        бутадиен-1,3

2.Гидрленуі: Сутекті қосып алуы сатылап жүреді

А) СН2 = СН-СН = СН2  +Н2 → Н3С-НС=СН-СН3

бутадиен-1,3                            Бутен-2

Б) Н3С-НС=СН-СН3 + Н→ Н3С- Н2С- СН2 -СН3

Бутен-2                                                Бутан

3.Полимерленуі:

nН2С=CH-CH-CH2 → (-CH2-HC=CH-CH2 )n

Каучук. Ақшыл сүт түсті эмульсия, Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған.Тарихи отаны – Орталық және оңтүстік Америкадағы Бразилиялық гевея ағашы. Каучук – майысқақ, созылғыш, серпімді, тозуға төзімді эластикалық материал. Негізінен, резеңке алуға және резеңке бұйымдарын жасау үшін қолданылады.Каучукты ең көп беретін биіктігі 45м, жуандығы 2,5-2,8м-ге жететін  Бразилия гевеясы. Бір түп ағаштан күніне небәрі 160 г шырын (латекс) алынады, ал жылына бір түп ағаш 5-6 кг каучук береді.1930жылдардың соңына дейін өсімдік шырынынан алынатын табиғи көксағызды, яғни каучукты  алып келді.Ең бағалысы – Латын Америкасында өсетін Гевея ағашынан алынатын каучук еді. Қазіргі таңда каучук ағаштары – Индонезия, Оңтүстік Америка – Латын Америка, Малайзия Тайланд елдерінде өсірілуде. Каучук — табиғи және синтездік болып бөлінеді. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтты шырындарында болады.

IV. Жаңа материалды бекіту, түсініктерін тексеру.

4.«Химиялық кроссворд»аялдамасы:

Бос ұяшықтарды сәйкес коэффициент формулаларын қоя отырып толтырыңдар.

С4Н6

С4Н8

С4Н10

 

Н2

Н2

 

 


                    +                  →                  +                    →

 

+

НCL

С4Н8

 

 

 

 


+

Н3С-СHCL–СН=СН2

Н2

 

 

 


5. «Есеп шығару» аялдамасы.

С2Н5Cl

C5H12

CH3BR

C7H16

6. «Формула құрастыру» аялдамасы:

1.2,2диэтил

3-пропил

Гексадиен-4,5

2.2,3,4-триметил

Гептадиен-1,5

3.2,3дибутил

3,4ди-пентил

Октадиен-1,6

7. «Крестик және нолик»

ü Қандай қосылыстардың  изомерлері болмайды

ü Алкандардың формуласы  орналасқан жолды көрсетеміз .

ü Алкендер орналасқан жолды көрсет.

ü Алкадиендер орналасқан жолды көрсет

8. «Бестік тест» аялдамасы 1-нұсқа

1. Құрамында 2 қос байланысы бар СН-ді

а. Алкендер     б.алкадиендер    в.арендер   г.алкиндер

2. СН2 = СН-СН = СН2  формуласының атауы

а. Бутадиен-1,3     б.пентадиен-1,3    в.бутадиен-1,2   г.гексадиен-1,4

3.Каучук сөзі қандай мағына береді

а. Жапырақтың көз жасы  б.ағаштың көз жасы в.тамырдың көз жасы  г.шөптің көз жасы

4. Вулканизация процесін ойлап тапқан ғалым

а. С.Лебедев    б.Ч.Макинтош    в.А.Бутлеров   г.Ч.Гудьир

5. Каучуктың формуласы

а. (С5Н8)n б.(С6Н10)n    в.(С7Н12)n г.(С8Н14)n

2-нұсқа

1. Алкадиендердің жалпы формуласы

а. CnH2n+1     б. CnH2n    в. CnH2n-2   г. CnH2n+2

2. СН2 = СН-СН2-СН=СН2     формуласының атауы

а.пентадиен-1,4     б.пентадиен-1,2    в.гексадиен-1,4   г.гептадиен- 1,3

3.Каучуктың тарихи отаны қай ел

а. Оңтүстік Америка    б.Австралия     в.Солтүстік Америка    г. Европа

4.су өткізбейтін плащтарды ойлап тапқан кім

а. Ч.Макинтош    б. С.Лебедев    в.А.Бутлеров   г.Ч.Гудьир

5.Этанолды зертханада әрі дегидрлеп, әрі дегидратациялап алған ғалым

а. Ч.Гудьир б.Ч.Макинтош    в.А.Бутлеров   г. С.Лебедев   

V. «Үй тапсырмасы»аялдамасы

Ø Синтетикалық каучук туралы доклад жазу

Ø Алкадиендердің химиялық қасиеттері,гомологтық қатарын жаттау.

Ø Ғаламтордан С.В.Лебедевтің ғылыми еңбектері туралы ақпарат.

VI. Cабақты қорытындылау, білімді бағалау, т.б.)

Рефлексия.Химондар саны бойынша үздік студенттерді бағалау

Студенттің сабақтағы эмоционалдық күйі мен өзін-өзі бағалауы

 

Айжан Каримбаева,

химия пәнінің мұғалімі

Талдықорған сервис және технология колледжінің

Талдықорған қаласы,

 

Автор:
Айжан Каримбаева,