Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ағылшын тілі сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру


26 апреля 2019, 10:42 | 665 просмотров



Қазіргі таңда еліміздің рухани күш – қуатын одан әрі жетілдіру, жастарға білім беру реформасын жүзеге асыру жаңа тұрпатты білім ордасында бүкіл білім мазмұныны, оның құрылымдық жүйесін жаңарту арқылы жүзеге аспақ.

Жаңа ғасырда прогрессивті өмірге аяқ басқан жандар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі студент білімі терең, жан – жақты болуы тиіс. Себебі, шетел тілі сабақтарының басты мақсаты, шәкірттерге күнделікті өзін қоршаған қоғамнан алған білім, білік дағдыларына қоса басқа елдердің тыныс-тіршілігін хабардар етіп, мағлұматтар береді және ең бастысы, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектеседі. Шетел тілін үйрену арқылы студенттер білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар, ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, студенттің өз пікірі қалыптасады, басқа елдердің мәдениетін үйренеді. Шетел тілін үйрену өз бетінше білім алуға интермәдениет коммуникациясын бойына сіңіруге септігін тигізеді. Шетел тілі пәнінің ең басты міндеті – шәкірттердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Әсіресе, шет тілін үйретуде студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру өте маңызды болып табылады.

Жас ұрпақты шығармашылық потенциалын көтермей дамыту мүмкін емес. Студенттерді шығармашылық жұмыстарға тарту үшін оларды қызықты материалмен қамтамасыз ету, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін пайдалану шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беру, әрбір істе жаңа әдістер қолдану қажет.

Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады. Сабақтың негізгі сипаттары:

  • Студенттердің тұрақты тобы
  • Студенттердің қызметін әрқайсысының дара ерекшеліктерін ескере отырып, басқару
  • Сабақта берілген материалдарды меңгеру

Сабақтың құрылымы оның кезеңдерінің жиынтығынан тұрады, бұл кезеңдер белгілі бір кезектестікпен өзара байланысып жатады. Оның ерекшеліктері: құрылымын жан-жақты ұйымдастыру, үнемділік, студенттердің өзара байланысы, оқу үрдісінде тәрбиелеу. Бірақ оның кемшіліктері де кездеседі: оқытудың жалпыға бірдей жылдамдығы, студенттердің дара ерекшеліктерін ескерудің қиындықтары, оқыту үрдісінің жеткіліксіз байланысы.

Студенттердің шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің маңызы өте зор. Өз тәжірибемде дәстүрлі емес сабақтардың төменгі түрлерін жиі өткізіп тұрамын.

  • Конференция, ауызша журнал
  • Жарыс – сабақтары, викторина , іскери ойындар
  • Репортаж, сұхбаттасу

Студенттерге дәстүрлі сабақтарға қарағанда аталған сабақтарды өткізу ұнағанымен, оларды өткізуді оқытудың негізгі формасына айналдырған дұрыс емес, себебі көп уақыт кетеді, жоғары нәтиже бермейді.

Оқуға ниеттенген студенттерді шет тіліне деген қызығушылығын тудыра білу үшін оларды жан – жақты дамытатын үй жұмыстарын қолданамын.

Бұл жаттығуларды орындау барысында студенттердің шығармашылық қабілеттері артады, әрі лексикалық және грамматикалық материалдарды жеңіл үйренуге жол ашылады және өз алдымен жұмыс істеу дағдылары артады. Осындай жұмыс түрлеріне жататындар:

  • Эссе, хат жазу;
  • Слайд – презентациялар әзірлеу;
  • Баяндама, реферат дайындау;
  • Әңгіме, диалог құрастыру немесе соларды аяқтау, толықтыру;
  • Жобалар дайындау.

Аталған тапсырмалар студенттердің сабаққа жан – жақты дайындалуына, көп ізденулеріне себін тигізеді. Сонымен қатар, үй жұмысын тексеру «мұғалім-оқушы» емес, «оқушы-оқушы» режимі арқылы жүзеге асады,  ал мұғалім жұмыс барысын қадағалап отырады.

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру – белсенді процесс. Сондықтан әр сабақта олардың шығармашылықтарын көп көңіл бөлу олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырып, тілдерін дамытатыны анық.

Автор:
С.Т.Назикенова, Сарқан гуманитарлық колледжі, арнайы пән оқытушысы, Сарқан қаласы.