Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жас десантшылар ант қабылдады


3 мая 2019, 03:52 | 2 451 просмотр



Жас десантшылар ант қабылдады

         Елбасымыздың өскелең ұрпақта жоғары патриоттық сезімдерді және өзінің Отанын қорғауға әзір азаматтардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жуырда Күреңбел қазақ орта мектебінің жас десантшылар патриоттық клубы қатарына жаңадан қосылып отырған оқушылар салтанатты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық орта мектептерінің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдері және ата-аналар қатысты. Шара басында жас десантшылардың қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрініс көрсетілді. Ары қарай ант қабылдау рәсімі өтіп ант қабылдаған барлық оқушыларға естелікке десантшының бас киімі берет естелікке берілді. Ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры, 29108 әскери бөлімінің аға офицері майор Д.Жанысбеков, әскери бөлімнің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің төрайымы және ата-аналар сөз сөйлеп жас десантшыларға қабылдаған анттарына қашанда адал болып әрқашан биіктерден көріне берулеріне тілектестерін білдірді. Осы іс-шарада жас десантшыларды дайындауда ерен еңбек етіп жүрген мектептің АӘД пәнінің оқытушысы Бейсбай Абдыхановичке әскери бөлім командирі подполковник Е.Алихуловтың атынан алғыс хат салтанатты түрде табыс етілді. Оркестрдің сүйемелдеуімен жас десантшылар салтанатты шерумен жүріп және патриоттық әндермен ән салып өтті. Іс-шара соңында патриоттық клубтың әншілері ән салып би билеп өнерлерін ортаға салды. Үстіміздегі жылы өтетін "Айбын" патриоттық клубтардың ойындарына Күреңбел мектебінен құралған оқушыларда қатыспақ. Біз жас десантшылардың болашақтарына табыс тілейміз.  

         

Жанат СЕМБАЕВ,

29108 әскери бөлімінің Мемлекеттік тілді дамыту және

Мемлекеттік құқықтық жұмыстар жөніндегі аға офицері

капитан    

Автор:
Жанат СЕМБАЕВ,