Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жасқануды білмейтін, батыл, ержүрек ұстаз – 70-те!


3 мая 2019, 11:11 | 83 просмотра



Академик жазушы Ғабит Мүсірепов «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім» - деп шәкірт көзімен қарайды.

Данышпан Абай - «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» деп ұстаздардың дүниетанымы, оның өмірі әрбір құбылысқа қалай қарайтындығы әрбір шәкіртіне әсер ететінін көрегендікпен айтып кеткен. Сондықтан мұғалім өзінің мінез-құлқы әрекеттері дүние жүзіндегі бірде-бір адамдарда болмайтын күшті бақылауда екендігін сезінеді. Олар өздерінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиеттерін өзінің оқушыларына, халқына, ел-жұртына арнайды.

Егеменді елімізде мұғалімнің мамандығы ең жауапты, ең қадірлі мамандық болып табылады. Ұстаздың еңбегіне деген құрмет еш уақытта ұмытылмақ емес. Адамның адамшылдығы қашан да жақсы ұстаздан болады. Қай-қайсымыз да азамат болып ер жетсек, ол - ұстаздарымыздың еңбегі деуіміз керек . Мұғалім әлеуметтік әділеттіктің , адамгершіліктің жаршысы.                  Ғұлама ғалымның да алғашқы сауатын ашатын ұстаз. Қай-қайсымыз болса да ұстаз алдында мәңгілік карыздармыз. Жас ұрпаққа сапалы білім беріп жатқан мектеп мұғалімдерінің бәрі де құрметке лайықты жандар.

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы - бабаларымызды нарықтың кейбір қиындықтарына қарамастан ұлттық рухта тәрбиелеп жүрген олардың қажырлы еңбегіне алғыс айтсақ артық болмас. Сондықтан қазіргі кезде ұстаздар алдында үлкен міндет жүктеліп отыр. Ол - жан-жақты дамыған көп мәдениетті тұлға калыптастыру.

Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру әсіресе ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Демек, жаңа бағытта білім беру үшін ұстаздардың өздеріне арнайы даярлықтар өткізіп , биігіне көтерілу үшін бәріміз атсалысуымыз керек. Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек. Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін де осы білім. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек қателеспес едік. Сондықтан да, ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.

Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын,ол-ұстазым Аристотель»-десе Абылайхан Төле биді,Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп ,шексіз құрметтеп кеткен екен.

Ендеше , сондай құрметті,қарапайым жаны таза  ұстаз І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  «Құрметті профессоры», педагогика және психология факультетінің музыкалық білім кафедрасының  доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты  Жұматай Таубалдиеваның шығармашылық және ғылыми жұмыстарындағы жетістіктері туралы айтқымыз келіп отыр.

Ұлы ғұлама Әл-Фараби: «Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ... , меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ... , жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» дейді.

 

 -  Өмір дерек...

      Шонкенқызы Жұматай Таубалдиева 1949 жылы Ақсу ауданы, Жаңа –Қоғам ( Көкөзек) аулында  туған .1956-1958жылдары бастауыш сыныпты ауылы Көкөзектен бітіріп,1959- 1964 жыл аралығында « Ұлы отан» соғысына қатынасқан жанұяның баласы ретінде Талдықорған қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде бастауыш  8-сыныпқа дейін оқып,9-10сынып жабылып қалғаннан кейін, орта мектепті Қапал ауданы, Арасан орта мектебінде  орта білімді алып шықты.

1967-1971жылы Алматы қаласындағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищесін мемлекеттік квалификациялық комиссиясының 1971 жылғы  «18» июньдегі шешімі бойынша «Балалар музыкалық мектебінің оқытушысы.Халық аспаптар көркем өнер жетекшісі»деген квалификация  берілді және қобыз аспабы мамандығын бітірді.

1971- 1972 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Лениск шаһарында( ғарышкерлер қаласында) пионер сарайында орыс оркестірінің дирижеры қызметін атқарды.

1972 жылдың 16 тамызынан 1976 жыл аралығында Ақсу ауданы Жансүгіров атындағы кенттің Қаныш Сатпаев атындағы орта мектепте музыка  мұғалімі болып қызмет атқарды. Осы Ақсу ауданында көптеген шәкірттерге музыкалық-эстетикалық тәрбие беру барысында Ақсу ауданының қөркемөнерпаздар үйірмесінде хор ұжымымен және вокалдық топтарда жетекшілік жасап, көптеген талантты жастарды өнерге баулып,лауреаттар, дипломанттар дайындады

 

 -   Мамандық таңдауы

    Таубалдиева Жұматай Шонкенқызы 1976-1980 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогика инстутының ән-күй мамандығы бойынша бітіріп,диплом алып  шықты .Осы университеттің алғашқы түлегі.Биыл бұл мамандықтың ашылғанына 40 жыл толады.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Педагогика ғылымдарының кандидаты-2003жылы 21 қарашада №7- хаттама.

2010жылы 25 маусымдағы (№7-хаттама)  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  (Астанада)  педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

 2014ж.04 наурыз шешімімен (№7хаттама) І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Ғылым Кеңесінің  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан үшін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.

Жұматай-болашақ музыка мұғалімдерін дайындауда көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Оның қаламынан республикалық және шетелдік басылымдарда жарық көрген. Таубалдиева Ж. Ресей ғылымдарының 2 еңбектерін аударып, жарыққа шығарды, олар: «Музыка мұғалімінің музыкалық педагогикалық технологиясы» авторлары Э.Б.Абдуллин, С.Б.Николаева (аударған), Т.Н.Науменко, В.В.Алиевтің «Музыка» 6 сынып оқу құралы (аударған), оқу құралдарын аударып жазған  олар  мектепте іс-тәжірибеде терең қолданыс табуда.

Таубалдиева Жұматай  айтулы халықаралық конференцияларда  Алматы,Славакия,Қырғыз,Турция,Украйна,Мәскеу,Талдықорған,Астанада  және т.б. жерлерде  ғылыми - практикалық конференцияларға белсенді қатынасып жүреді.

Ғылыми еңбектері барлығы 200  публикациялар,соның ішінде 16 оқулық ( 14-оқулық авторлык, 2-ресей ғалымдарының еңбегін аударған.1-электрондық оқулық. 2-СКОПУС-мақала. Барлығы 200 ғылыми еңбектер.

 

-Жетістіктері

   «Польза честь и слава»орденімен марапатталынды 07.12.2016ж.Мәскеу., (Армияда қаза болған ұлым Бекарыс үшін берілген).

  1997 жылы_Халықаралық «Сорос –Қазақстан Қоры» конкурсының жеңімпазы. «Ән сабағы»оқулық шықты, Алматы. «Өнер» баспасы1997. 189бет.1000 дана.

  1999 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталынды(20 сәуір,91275)

  Өрлеу білім ғылым технология порталы әкімшілігі - «Ұлағатты ұстаз» республикалық ғылым-білім интернет порталы  «Құрмет грамотасыменен» және «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапаттады.Алматы,2016жыл.Тіркеу №С015.

   «Білім шыңы-ғылым сыры» педагогтар мен оқушыларға арналған Республикалық журнал.Тіркеу кәлігі №15454-Ж. «Білім шыңы» жобасына  қатысқаны үшін, «Білім шыңы»төсбелгісіменен және грамотаменен марапатталынды.ҚР 2017жыл..

  Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчествалық  Бірлестігінің «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» медалінің иегері. БҰҰ Адам құқығын  қорғау комитетінің ҚР өкілдігінің президенті ,генерал-майор,Қазақстан және Евразия Жазушылар Одағының мүшесі,э.ғ.д.,профессор,академик А.А.Нұрманов. Куәлік №840.,04.09.2017 жыл.Алматы.

  2007 жылы Петропавлда өтен  «Үздік музыка мұғалімі» атты конкурс-фестивальдың  лауреаты

   Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы пәндік олимпиадаларда музыка факультеттері мен кафедралары арасындағы « Үздік музыка мұғалімі» - атты Республикалық конкурс- фестивальдарының дипломант студенттер дайындағаны үшін, үздік әдіскер дипломанты атағын алып отырды (2003,2004,2007,2011,2014,2017 )жылдары.

   Халықаралық М.Уәлиқызының ән-жыр конкурсының дипломанты. (2001,2003ж)..

   Ақсу ауданына 80-жыл толуына байланысты « Абыз Ақсу,Аңыз Ақсу,Нағыз Ақсу-80-жыл»Энциклопедия кітабының «Өнер,сахна саңлақтары(сазгерлер,әртістер,әншілер)рубрикасының 347 бетінде  Жұматай   туралы деректер кірген.

   2009жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу теледидарында  «Әйелдер әлемі» (30минут) телехабарда көрсетті.Қаза болған ұлы Бекарыс туралы.

   21.2012ж «Хабар» (20 минут)телеарнасынан   «Үлгілі үй» атты хабарға қатынасты.Сол үйдің төрайыиы ретінде.

   2013жылы «Ой түбінде» телехабарға қатынасты(35минут),

   2014ж «Таңжарық»(15минут) «Таңғы шәй» телепередача(10минут)

   2014 жылы Ақсу ауданының журналисі  «Ақсу өңірі» газетінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі  Дүйсен   Мұхаметшарұлының « Қобыз сарыны Молықбай және Жұматай» мақаласын жазды (Элегия) 11 қыркүйек 2014 жылы.3 бетте.

  2016 жылы -Жетісу университетініңАлматы облыстық қоғамдық-саяси жастар газетінде№14(131)8 қыркүйекте Қазақстан Журналистер одағының мүшесі  журналист Айтқазы Байдаулетовтың мақаласында «Жігерлі де жалынды жан»-атты мақалада Ж.Таубалдиева туралы «Ұлағатты ұстаз» рубрикасында шығарылды.

    «.Алғыс хат» Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Ерлктеріңіз-ел есінде»атты патриоттық әндер байқауында белсенділік көрсетіп, қажырлы еңбегіңіз бен азаматтық ұстанымыңыз үшін марапатталынды. Ә.

Е.Бектұрғанов.Талдықорған 2015 жыл

  Диплом -Республикалық студенттер олимпиадасында «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәні бойынша студентті кәсіби деңгейде даярлағаны үшін марапатталды. Ректор Ш.К.Беркімбаева.Алматы,17-18 наурыз,2011жыл.

  Талдықорған қаласының әкімшілігі «ҚАЛА КҮНІ» мерекесі аясында өткен «ЕҢ ҮЛГІЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ» байқауының жеңімпазы «Қаратал» шағын ауданы,№116 көппәтерлі тұрғын үйдің төрайымы Таубалдиева Жұматай марапатталады.Талдықорған қаласы Е.Алпысов.27 қыркүйек 2013жыл.

  Ғылымға арналған өмір.Қазақстан Республикасының ғалымдары аттыЖинақтың 1-томында енгенмін. «Ғылым» баспасы ЖКИП «Типография «Ғылым» Алматы2013жыл 179 бетте Жұматай туралы жазылған.

  Диплом.І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылар, қызметкерлер және білімгерлер арасында «Президентттік миля» бағдарламасы бойынша 60-69 жастағы қатысушылар арасында 1-2-орындар алған Таубалдиева Ж.Ш. марапатталынды.2012-2017жыл аралығында қатынасып отырады.   

   Ақсу ауданына 80-жыл толуына байланысты « Абыз Ақсу,Аңыз Ақсу,Нағыз Ақсу-80-жыл»Энциклопедия кітабының «Өнер,сахна саңлақтары(сазгерлер,әртістер,әншілер)рубрикасының 347 бетінде  Жұматай Шонкенқызы  кірген.Сонымен әртүрлі жылдар аралығында ұстаз дайындаған дипломант,лауреат студенттер;

2003ж. – Алматыда С. Жылбаев, Е. Телебаев  сабақ өткізіп ,дипломанттар атағын алды.Жетекшісі:п.ғ.к., профессор Ж.Ш.Таубалдиева.

2004ж. – Павлодар қаласында Ә. Мұқашева дипломант болды. «Достық мерекесі» атты сабақты өткізді. Жетекшісі:п.ғ.к.,профессор Ж.Ш.Таубалдиева.

 2007ж. Петропавл қаласында Ж.С. Утеева «Композиторлар Л.В.Бетховен мен Құрманғазы шығармаларының үндестігі»-атты  сабақ өткізіп дипломант атағын алып келді Жетекшісі:п.ғ.к., профессор Ж.Ш.Таубалдиева..

Алматы қаласында,17-18 наурыз 2011 жылы  ІІІ-ші Республикалық студенттер олимпиадасында « Сабақта жаңа технологияны үздік қолданғаны» үшін Шәріп Оңалбек марапатталды) Жетекшісі:п.ғ.к., профессор Ж.Ш.Таубалдиева.

2014 жылы- ІҮ-Республикалық студенттер олимпиадасында «Жетісу –Өнер ордасы» -атты сабақ тақырыбына Жұмабеков Алмас- 2-орын алды. Жетекшілері:профессор.,п.ғ.к.Ж.Таубалдиева.,профессор Ш..Гуллыев.

Ал,2017 жылы – Ү1-Республикалық студенттер олимпиадасында Курақбаева Д,Мыңбосынов М олимпиадаға дайындап ІІІ орын алды.

Музыкалық білім мамандығы бойынша 2012-2017 жылдары аралығында магистратура ашылған ,сол магистратурада оқып жүрген магистранттарға ғылыми жетекшісі .Осы уақытқа дейін 9 магистранттарға ғылыми жетекші болып оларды қорғатып шығарды.Дипломдық,магистрлық диссертация тақырыптарды алу барысында Ақсудан шыққан өнер қайраткерлері,ақын Ілияс атамыз,Сара ақын туралы ,қобызшы атамыз Молықбай туралы тақырыптарды саралап қорғатуға тырысады.

 

   -Өзіде әнші

    Таубалдиева Ж. Жетісу жерінде тұңғыш құрылған «Жетісу» ансамблінің (1976-2017ж) алғашқы  «Трио» әншілерінің бірі және 40 жылдай сахнада өнер көрсетті. Университет, факультет, кафедра қалалық мектептер деңгейінде өткізілетін мәдени-қоғамдық шараларға белсене қатысып өз үлесін қосып отырады. 

Аталып отырған автордың жанұялық жағдайына келер болсақ, жалғыз ұлы Бекарыс 1991 жылы 8 желтоқсанда әскери қызметін өтеу барысында қаза болды.

       Қызы Қарлығаш Таубалдиева Құрманғалиқызы Алматы облысы,Іле ауданының ішкі істер қызметкері, ювенальдық полициясының майоры. Қызының жұбайы Ноғай Тимур Алматы қаласындағы Туризм және спорт Академиясында оқытушы болып қызмет істейді. Олардан бес немере,1-шөбере  сүйіп отыр олар: Ақжан, Ислам, Рамазан, Алтынай,Айару,Сұлтан атты сәбилер немерелері бар.

         Екінші  қызы Айжан Таубалдиева Құрманғалиқызы Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы қазақ халықаралық  қатынастар және әлем тілдері университетінің  магистр оқытушысы, жолдасы Самұратов Жандос Серікұлы Алматы қаласында  қызмет атқарады. Осы балаларынан төрт   немерелері  бар олар: Жұлдыз, Айым ,Дәния ,Әділжан  атты  сүйікті немерелері бар.

Қазіргі уақытта Ақсу ауданындағы орта мектептерде Талдықорған қаласындағы орта мектептерінде  2,4.18,19 мектептердің оқушыларына және  профориентация жұмыстарын жүргізіп, мұғалімдердің ғылыми іздену енбектеріне көмектеседі(МАН). Педагогикалық қызметте тыңғылықты,іздемпаз,тынымсыз ұстаз.

Автор:
Шалқар Оразбаев .