Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дәрумендер – денсаулық кепілі


3 мая 2019, 11:13 | 678 просмотров


Сабақтың тақырыбы:Дәрумендер – денсаулық кепілі

Бөлім: Денсаулық – зор байлық

Сынып:5 (Т2).

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме):

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.2.5.1  Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен  мәтіннің негізгі ойын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған  мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сұхбат құруға талпынады, жалғауларды дұрыс қолданады.

                  Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

  • Бағалау критерийі.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады;
  • Еркін әрі сенімді сөйлей алады;
  • Диалогке түсе алады.
  • Тілдік мақсаттар:Шырын, дәрумен, пайдалы,зиянды тағамдар.

Құндылықтар: Салауатты өмір салтын насихаттау, соның ішінде  дәрумендердің маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

АКТ дағдысын қолдану: Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды  демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланыс:  Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану.

Осыған дейін меңгерілген білім: 7-бөлім: Дәрігердің қабылдауында.

Сабақ барысы:Тақырыпқа қатысты оқушы білімін қозғау. Оқушылар назарын тақтаға аударып,сабақ тақырыбына болжам жасалады.

Интербелсенді тақтадан футажды сурет көрсетіледі.

Ойтүрткі сұрақтар қойылады.

-Балалар, дәрумендер дегініміз не?

- Сендер дәрумендер туралы не білесіңдер? 

Сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау талаптарымен таныстыру.

Флипчарт жеміс – жидекті футаж суреті.

Сабақтың ортасы.

Мағынаны тану кезеңі.

Тыңдалым алды тапсырма. Сөздіпен жұмыс. Оқушылар назарына «Дәрумендер» туралы бейнебаян ұсынылмас бұрын, тыңдалым материалында кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысады.Айтылым дағдысын қалыптастыру.Сөздердің аудармасын айтқызу.

   

 

-Балалар бәріміз тақтаға назар аударып,бейнежазбаны қарап алайық.

Тыңдалым тапсырмасы: тыңдалым дағдысын қалыптастыратын жаттығу - жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады. Оқушылар аудиоматериалды алғаш рет тыңдап, "Тыңдалым мәтіні не туралы?", "Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет? ", т.б. сұрақтарына жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=O7Lg63vLt2Y

 

Айтылым тапсырмасы. Жеке жұмыс

 "Сиқырлы себетті сөйлет" тақырыбында интербелсенді тақтамен жұмыс.Суретке себеттегі суреттерді дұрыс орналастыр,сын есімді сөздерді қолдан.

Мысалы: қызыл қызанақ,тәтті алма

Дескриптор:

  • Көкөністер мен жемістердің атауын атайды
  • Сын есімді сөйлем құрастырады

 

Грамматикалық қоржын. Интербелсенді тақтадағы берілген тапсырманы орындаңдар.Кестедегі қосымшаны дұрыс жалғап, етістікті сөйлем құрап айт.

Мысалы:Қызанақ... -  ты жуамын

Сәбіз...- ді тураймын

Қияр...- ды жеймін

Қызылша..-ны сатып аламын

Бағалау критерийі:

  • Өз ойларын сенімді жеткізе алады.

 етістіктің қолданысын біледі. Бағалау «Бас бармақ»

 

Сергіту сәті.Жұмбақтар оқылады.

ActivInspire бағдарламасынан «Фокус» қосымшасын  қолдану.

 

Жұптық жұмыс. Сынып оқушылары  жұптасып сұхбат жүргізеді. Жұптар тақтаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі.

«Сиқырлы шыны» тапсырмасы тақырыпқа қатысты тірек сөздерді пайдаланып,жұпта сұхбат құрыңдар.

Жұптар тақтаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі. дескриптор бойынша бағаланады:

  • тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
  • сұхбаттасына сұрақтар қояды;
  • сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
  • диалогте берілген мәселелерді қамтиды;

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.   

ActivInspire бағдарламасынан «Үлкейткіш шыны» қосымшасын қолдану

Жауаптар «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

Саралау

  • Қабылдау деңгейі орташа оқушылар өздігінен сұрақтарын қоя алады. Жауап қайта алады.
  • Қабылдау деңгейі төмен оқушылар мұғалімнің көмегі арқылы сұрақ қояды, сұраққа жауап беруге тырасады.

Интербелсендітақтадан  өзіңді тексер тапсырмасы беріледі. ActivInspire бағдарламасында «Күлегештер» бағалау түрі қолданылады  .Интербелсенді тақта.

Сөздерді сөздік дәптерге жазады

Сабақтың соңы.2 минут   Рефлексия

Күлегештерді тақтаға қаламмен  басу арқылы

Жасыл күлегеш. Маған бәрі түсінікті болды.                                            

                               Өте белсенді болдым

Сары күлегеш. Сұрақтарым жоқ. 

                           Белсенді болдым

 

Қызыл күлегеш. Сұрақтарым көп. 

                             Белсенді бола алмадым

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1: Таңдалған ресурс көздері

2:Жұптық жұмыс

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1: Топтық  жұмыс формасын қолдану

2: мәтінмен жұмыс

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту.

 

  •  

Аида Баймухамбетова,

М.В.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Талдықорған қаласы.

 

 

Автор:
Аида Баймухамбетова,