Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жау тылындағы бала»


3 мая 2019, 11:15 | 140 просмотров


Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:  7.1.1.1 - әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Бағалау  критерийі: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Тілдік құзіреттілік: әдеби шығарма, хикаят, сюжет, құрамдас бөлік, талдау, көзқарас

Құндылықтар: бейбіт өмірді бағалау құндылығы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу: Қ. Қайсенов өмірі мен шығармашылығы

Ресурстар: сурет қиындылары, оқулық, қағаз А4, түрлі-түсті маркерлер, үлестірмелі материалдар, «Фейсбукке пікір қалдыр» әдісі.

Сабақжоспары:

Сабақ барысы:

Басталуы:  5  минут

  1. Сәлемдесу, оқу құралдарының дайындығын тексеру
  2. Топтарға бөлу. Сурет қиындылары арқылы топтарға бөлу
  3. Психологиялық ахуал қалыптастыру
  4. Үй тапсырмасын тексеру

Қ. Қайсенов өмірі жайлы тірек-сызба әр топ бірі сызбаны таңдап таныстырады

Ортасы: 30 минут

  1. «Қызығушылықты ояту»
  2. Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» мәтінінен үзінді тыңдаңыздар және оны жаңағы суреттермен байланыстырып, мен қойған сұрақтарға жауап беріңіздер
  3. Үзінді не туралы?
  4. Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз?
    3. Оқиғаның кейіпкерлері кім?
  5. Оқиға қай кезеңді қамтиды?
  6. Олардың балалық шағы қалай өтуде?
  7. Адамның балалық шағы қалай өту керек?
  8. Неміс пен фашист ұғымдарының айырмашылығын білеміз бе?

Дескриптор:

  1. Үзіндіні мұқият тыңдайды
  2. Үзінді мен суреттің байланысын анықтайды
  3. Үзінді мен суретті байланыстыра отырып, сұрақтарға жауап береді
  4. Мағынаны таныту

      А) Оқушылар 4 топқа бірігеді. Әр топқа өзіне берілген мәтінді оқуға 5 минут минут беріледі. Топ мүшелері өздеріне берілген үзіндіні өзара бөлісіп алып оқиды, кестені толтырады

1-топ – «Күтпеген шабуыл»

2-топ – «Сатқандық»

3-топ – «Ана махаббаты»

4-топ – «Бейкүнә Миша

Ә)  Шығарма оқиғаларын топтастырту

«Төрт кереге» стратегиясы

Оқиға

Орын

Уақыт

Кейіпкер

 

 

 

 

Дескриптор:

- мәтінді топ ішінде оқиды

- мәтінді топ ішінде талқылайды

- мәтін бойынша кестені толтырады

  1. Әр бөлімнің сюжеттік жоспарын құрыңдар

Дескриптор:

- үлгі бойынша оқиғаның сюжеттік жоспарын құрады

  1. Құрылымы

- Негізгі ой қалай басталды?

- Әрі қарай қалай өрбіді?

- Шиеленісі

- Шарықтау шегі

- Шешімі

Саралау тапсырмасы

1-деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой, анықтаманы толықтыр

  1. ... - оқиға немесе оқиғалар желісі

2- деңгей

Шығармадағы оқиғаларды ретімен орналастыр

  1. Сатқындық
  2. Жас барлаушылар
  3. Бейкүнә Миша
  4. Ана махаббаты
  5. Күтпеген шабуыл

3- деңгей

Жау тылындағы бала шығармасының сюжеті бүгінгі күнге үлгі боларлық па? Өз пікіріңді 4 сөйлем әдісі бойынша білдір

«Төрт сөйлем» тәсілі

  1. Пікір. Мәтіндегі бір оқиғаны бір сөйлеммен жеткізеді.
  2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіреді, өз пікірін дәлелдейді.
  3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.
  4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Топтық бағалау.

Аяқталуы:   5 минут

Үйге тапсырма: хикаятты толық оқу, сюжеттің құрамдас бөліктеріне талдау

Кері байланыс

«Фейсбукке пікір қалдыр» әдісі.

 Біз бүгін сабақта...

 Біз үшін қиындық ...

 Келесі сабақта...

 Бізге қолдау...

 Біз басқа топқа қолдау...

 Тақырып...

 Өзіміздің бағамызға...

 Біз .... жасай алдық

Сауле Бейсенбинова,

 «№ 4 орта мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Талдықорған қаласы.

 

Автор:
Сауле Бейсенбинова,