Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Аяз би» ертегісі


3 мая 2019, 11:19 | 74 просмотра


  «Аяз би» ертегісі

Сабақ мақсаттары:   

Барлық оқушы орындай алады:

«Аяз би» ертегісінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Аяз би» ертегісінің  фабуласын, сюжетін анықтап талдау тапсырмаларын орындай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып ертегідегі табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.

Бағалау критерийі:    «Аяз би» ертегісінің фабуласын, сюжетін анықтау, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып ертегідегі табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.

Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: «Аяз би» ертегісінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, «Аяз би» ертегісінің  фабуласын, сюжетін анықтап талдау тапсырмаларын орындай алады, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып ертегідегі табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.

Пəнге қатысты сөздікқор мен терминдер: уәзір, шеңгел, қарақоға, ақирет,сиқысыздық

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Адамның жаманы», «құс жаманы», «шөп жаманы», «пайдаға асу», «шоқ болып жанды» сөз тіркестерін пайланалып диалог құру

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.     Не себепті  Мадан хан қырық уәзірін сынағысы келді?

2.     Қырық уәзір не себепті құс жаманы- қырғауыл, шөп жаманы-шеңгел деп ойлайды?

3.     Неліктен Жаман қырық уәзірге жаман деп таңдап алған

қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына саусқан мен

қарақоғаны алғызады?

Ишара:мадақтау, қошметтеу, қолдау.

Құндылықтар: «Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясы. Еңбек пен шығармашылық.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, биология

Алдыңғы оқу: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі.

Жоспар   уақыт: Сабақтың басы

(7 мин)

Жоспарланған жаттығу түрлері:

Ұйымдастыру кезеңі

(Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару. Сабақ мақсатымен таныстыру)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ресурс: Интербелсенді тақта, суреттер   «Көңіл-күй» әуені

«Сен қайдасың?» тренингі арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

Орындалу шарты: мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызып, сұрақтарды оқиды, оқушылар сол сұрақтарға сәйкес қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.

 

 

Топқа бөлу. Ресурс: түрлі-түсті стикерге жазылған сөздер

«Мақал-мәтелдің жалғасын тап» әдісі бойынша жүзеге асады.

«Адалдық ардың ісі», «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл».

Орындалу шарты: оқушы парталарының артына стикерге жазылған сөздер жапсырылады. Оқушылар сөздерден мақал-мәтел құрайды және алған сөздеріне байланысты топқа бөлінеді.

1-топ «Адалдық»

2-топ «Ар»

3-топ «Аяз би»

4-топ «Құмырсқа».

Үй тапсырмасын сұрау.

«Зымыран сұрақтар» арқылы 5-сыныпта өткен «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұнын сұрау.

Сабақтың ортасы

(25 мин)

Ертегілер бейнеленген  суреттер арқылы   Қызығушылықты ояту.

Сыныппен жұмыс.

  • тапсырма. Ертегілерден үзінді көрсету, қай ертегіден алынған екендігін табу. «Stop-кадр» әдісі арқылы іске асады.

Орындалу шарты:қазақ ертегілерінен үзінді көрсете отырып, қай ертегіден алынғанын сұралады. Соған сәйкес сұрақтар қойылады.

 

ҚБ.«Жұлдызша» әдісімен мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды.

Мағынаны тану

Ресурс:Қазақ әдебиеті оқулығы,6-сынып, «Атамұра» баспасы,2018 ж,7-12 бет.

оқиға сюжеті жазылған қима қағаздар

2-тапсырма: Топтық  жұмыс.

ертегі сюжетін топпен талдап, мазмұнын интерпретациялау, ертегідегі табиғат көрінісі, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттау.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: берілген тапсырма бойынша ойланады, жұпта бірігім идея қосады, топта идеяларды талқылайды.

Дескриптор:

-        оқиға мазмұнын түсінеді;

-        ертегідегі табиғат көрінісі, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.

ҚБ.«Сэндвич» әдісі бойынша топ бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті.

«Ағылшын жауыны» әдісі бойынша жүзеге асады.

Орындалу шарты:мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызады.

1-қимыл саусақтарын сытырлатады;

2-қимыл қолдарын шапалақтайды;

3-қимыл тізелерін соғады.

 

Оқушылар қимылдарды топпен орындап, әуенге ілесуі керек

3-тапсырма.  Жұптық жұмыс.

ертегідегі кейіпкер бейнесін ашу мақсатында рөлге бөліп, интерпретациялау.

«Рөлдік ойын» әдісі арқылы орындалады.

Таңдаған кейіпкер бейнесіне сәйкес киім үлгілері (шапан, тақия, қалпақ, т.б.)

Орындау шарты: оқушылар жұпқа бөлініп ертегі мазмұны бойынша ұнаған кейіпкерлерін рөлге бөліп сомдайды.

Дескриптор:

-        кейіпкер бейнесін ашады;

-        рөлге бөліп интерпретациялай алады.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісімен әр жұп бір-бірін бағалайды.

Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс.Ресурс:«Қазақ әдебиеті», 6 сынып,

«Атамұра» баспасы,2018 ж,13-бет

4-тапсырма: ертегіні оқи отырып, Жаман мен Меңдінің адамгершілік қасиеттерін білдіретінүзінділерді табыңдар. Кейіпкерлерге сипаттама беріңдер.

Дескриптор:

-        ертегіден Жаман мен Меңдінің адамгершлік қасиеттерін білдіретін үзінділерді табады;

-        кейіпкерлерге сипаттама береді.

«Венн диаграммасы» арқылы кейіпкерлерге сипаттама беріледі. (Жаман мен Меңді)

ҚБ. «Күлегештер» әдісімен оқушылар бір-бірін бағалайды.

Сабақтың соңы   (8 мин) Ресурс: «Атамұра» баспасы, 2018 ж,

Хрестоматия 6-сынып  түрлі-түсті стикер

Кері байланыс. «Сенемін, сенбеймін» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: оқушыларға қызыл және жасыл түсті стикер таратылады, мұғалім қойған сұраққа «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап беру керек.

-Мадан ханның 50 уәзірі болды.

-Уәзірлер «құс жаманы-қырғауыл», «шөп жаманы-шеңгел» деп таңдады.

-Уәзірлерге ақыл-кеңес берген хан.

-Хан жаманға сыйлап жал-жая, қазы бергізеді.

-Жаман 40 жасқа келсе де үйлі-боранды емес.

-Жаман ханның тұлпарын, әйелін сынаған екен.

-Хан Жаманға сыннан мүдермей өткеннен соң өзінің жүйрік тұлпарын сыйға тартады.

-Жаман кейін хан болады.

Үй тапсырмасы

 

Рефлексия «Нысана» әдісі арқылы орындалады.

 

 

Гулья   Дүйсенбинова, Сарыбастау орта мектебі КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі.  Кербұлақ ауданы.

 

 

Автор:
Гулья Дүйсенбинова, Сарыбастау орта мектебі КММ