Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.


3 мая 2019, 11:21 | 153 просмотра


Балалар  тәрбиесіне, келер  ұрпақ  тәрбиесіне қай  кезеңде  болса да, қай  елде, қай  ұлтта  болмасын үлкен  мән  берілген. Өйткені  бала-біздің  болашағымыз.Ол  үшін  балаларды  жақсы, жаман  деп  бөлмей, бірлесіп, аяғынан  нық  тұруға  көмектесу  керек. Нашар  бала  болмайды. Бау-бақшаны  баптап, күтіп, суарсаң  ғана  жемісіне  кенелесің. Сол  сияқты  баланың  теріс  мінездерін үнемі  қадағалап, түзету-  қоршаған  ортаның, яғни  ата-ана  мен  мектептің  міндеті. «Тәрбие  басы-тал  бесік» , «Ұяда  не  көрсең, ұшқанда  соны  ілерсің !» деген  қазақтың  мағыналы  сөздерінде  үлкен  мағына  бар  сияқты.

Баланы  жанұяда  дұрыс  тәрбиелеу, оның  мектепте  жақсы  оқуына , болашақта  жақсы  азамат  болып  шығуына  үлкен  ықпалын  тигізеді. Жас  жеткіншекке  жанұяда  дұрыс  тәрбие  берілсе, болашақта  одан  үлкен  нәтиже  күтуге  болады. «Адамға  ең  бірінші  білім  емес , тәрбие  берілуі  керек, тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы, ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі»- дейді Әл-Фараби

Мектеп  қабырғасында  жақсы  тәрбиеленген , саналы  білім алған  шәкірт  өмірде  өз  орнын  табады. Ол  үшін  ең  әуелі    ұрпағымызды  бала  кезінен-ақ  ұлттық    тәлім-тәрбиеге, адамгершілік  әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас  ұрпақ  елі  үшін елең  қағар  азамат, имандылық  қасиеттерді  жақсы  білетін  азамат  болып  қалыптасады.

Мектеп тәрбиесінен өтпеген бала - суарылмай тұрған гүл сияқты, барлық әсем түсінен айырылып қалады.Класс активіне сүйенген тәрбиенің жүз көзі, мың құлағы бар, сондықтан күнделікті жұмысты орынды пайдалана білген ұстаз табысты болады.

Қорқытудың тәрбиелік мәні жоқ екендігі аксиомаға айналғаны шындық, сондықтан кімде-кім тәрбиеші болғысы келсе, бұл тәсілден әр кез аулақ болғаны жөн. Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішірее білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсын.

Шәкірттер арасында тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу күрделі инженерлік құрылыс тәрізді, қателік жібермеуді талап етеді. Тәлім-тәрбие барлық істің басы. Қисықты түзететін - күш, қыңырды түзететін - тәрбие, басқа жол жоқ.

Қазіргі кезде өзім жетекшілік ететін 3-сынып оқушыларының ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізудемін. Мектепте өтетін түрлі іс-шараларға ата-аналар қатысып, балаларының өнерлерін тамашалап жүр. 8-наурыз халықаралық аналар мерекесіне арнап «Ардақтайық әке менен ананы» атты тәрбие сағатында балалар ата-аналарына  арнап өлең айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.

    Оқушыларды өзінің елі мен туған жерінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеу ісі басты назарда болуы керектігін ұмытпауымыз тиіс.«Менің  Қазақстаным», «Ұстаз-ұлы  тұлға», тәрбие сағаттарын, «Патриоттық әндер» байқауын, сынып оқушыларымен өткізуім оң нәтижесін берері сөзсіз. Сондай-ақ, мектепте  өткізілетін  іс-шараларға , атап айтсақ  « Қыз сыны», «Мың  бір  мақал-жүз  бір  жұмбақ» , «Ақын  ата өлеңдері» мәнерлеп  оқудан  бастауыш  сыныптар  арасында өткізілген жарыста  оқушыларым қатысып, мақтау  қағаздарымен  марапатталды.

Ұстаз шәкірттің берген жауабын жаңалық деп қабылдасын, сонда шәкірт оқу- ізденуге талпына береді. Шәкіртті жете білген оқытады, жетік білген – үйретеді.

 

 

Баян Колбаева,   

 «Ақын  Қабан  Жырау атындағы

 мектеп МДШО» КММ

бастауыш сынып  мұғалімі. Көксу  ауданы.

 

 

 

 

 

 

 

Автор:
Баян Колбаева,