Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Халық әні "Еркем-ай"


3 мая 2019, 11:22 | 163 просмотра



Суретте:Фархат Бақдәулет. 1 сынып оқушысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының аспапты дұрыс ұстап, дұрыс отыру ережесін  игеру және нота бойынша ойнау қабілетін шыңдау.

Дамытушылық:Есте сақтау қабілетін және ритмді ұстау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны қастерлеуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: домбыра аспабы, сөз жұмбақ, венн диаграммасы, буклеттер, смайликтер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, аспапта ойнап көрсету.

Пәнаралық байланыс: сольфеджио, музыка әдебиеті, дәстүрлі ән және оркестр.

Сабақтың тәсілі: жеке дара.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Оқушымен амандасу, оқушының аспапта дұрыс отыруына және оң

мен сол қолдарының қойылымдарына мән беру.

2.Оқушыға ашық ішекте төмен жоғары қағыстарын ойнату. Оң және

сол қолдарға арналған жаттығуларды ойнату.

  1. Оқушыға теориялық сұрақтар қою.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Үйге берілген тапсырма  халық әнін "Бала уату" басынан аяғына дейін нақышына келтіріп ойнау.

2.Қандай динамикалық белгілері кездеседі?

  1. Қандай екпінде ойналады?

III. Жаңа сабақ: Халық әні "Еркем-ай"

Халық әні «Еркем-ай» нақты кімнің шығарғаны туралы мәлімет жоқ болғандықтан халық әні деп аталады. Жеті буыннан құралған ән. Негізі дәстүрлі әншілердің орындауында жиі кездеседі. Қайырмасында төмендегі сөздер өзгертусіз қалады. Шумақтарының сөздерін орындаушы өз ыңғайына қарай ауыстырып айта беруіне болады.

Еркем еркем еркем ай

Еркелеген еркем ай

Еркелеген еркемді

Еркелетсем екен ай

Халық әні «Еркем-ай» 8 тактыдан тұрады. Скрипка кілтінде жазылған өлшемі 2/4 яғни 1-ге, 2-ге саналады. Кілттің жанында ешқандай альтерация белгісі жоқ және ән көңілді екпіні жылдам  болғандықтан тональность до мажорда жазылған. Себебі  шығарманың соңғы тактсында соль нотасымен аяқталып тұр. Соль нотасы до мажордың бесінші сатысы (Доминанта). Қағыстарының түрлерінен ПVПV, ПVП кездеседі. Динамикалық  белгісінен mf, p. Ән көңілді, жылдам  орындалады.

Ән сегіздік және төрттік ноталармен жазылған. Реприза – (қайталау) белгісі кездеседі.

Еркем – ай

Жылдам                                                                        Қазақтың халық әні

 

 

Сөзжұмбақ

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

К

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

 

М

 

 

 

 

А

 

 

 

 

Й

 

 

                     

 

1.Қандай нота ұзақтығы 1- ге саналады?

  1. Нота желісінде бесінші сызықтың үстіндегі екінші қосымша

     сызықтың үстінде қай октаваның қандай нотасы жазылады?                                                                  

  1. Домбыра аспабының ішектерін бет қақпағынан көтеріп тұратын

    затты ата?

  1. Домбыра аспабының ішектерін ұстап тұратын затты ата?
  2. Нота желісінде төртінші мен бесінші сызықтың ортасында қай

    октаваның қандай нотасы жазылыды?

  1. Нота желісінде бірінші мен екінші сызықтың ортасында қай

    октаваның қандай нотасы жазылады?

  1. Домбыра аспабының пернелері қай жерде орналасқанын ата?

 

Венн диограммасы

 

 

Халық әні «Бала уату»                  Халық әні,              Халық әні «Еркем-ай»

Жай екпінде,                                 8такт,4-нота,               жылдам екпінде,                                                 жартылық нота, mp.                     реприза,                       8-нота, mf.

                                                        ПVПV

 

  1. Қорытынды бөлім.

 

Не білдім

Не үйрендім

Не білгім келеді

Халық әні Еркем-айды домбырада ойнауға болатындығын және кез келген әнді ойнауға болатындығын білдім.

Әнді домбыра аспабында нота арқылы санап ойнауды үйрендім.

 

 

Әнді домбыра аспабымен сүйемелдеуімен айтқым келді.

 

 

 

Сабақтың модулі.

Халық әнін «Еркем-ай»         Жаңа сабақты                 Оқушыны аспапта

     шыңдау                                 түсіндіру             ойнау шеберлігін  арттыру

  1. Үйге тапсырма.

Халық әні «Еркем-ай» әнін орташа екпінде санап ойнап жаттау. Әннің дыбыстарын тазалап ойнау. Динамикалық белгілерін қосып ойнау.

  1. Бағалау.

Оқушының білімін, аспапта ойнау шеберлігін үйге берілген тапсырма бойынша бағалау.

Смайлик бойынша көңіл күйін білу.

Максат Мусабеков,   

  «Исатай Исабаев атындағы  «Өнер мектебі» МҚК домбыра мамандығының мұғалімі.

Ақсу ауданы. 

 

 

 

 

 

 

 

Автор:
Максат Мусабеков,