Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Олимпиада есептерін шығару әдістері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.


6 мая 2019, 09:30 | 585 просмотров



Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылдың 4 мамырында Қапшағай қаласындағы №5 орта мектеп базасында “Арифметикалық логика” жобасын іске асыру, математика пәнінен стандартты емес, қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді шығару, математикалық сауаттылықты дамытуда пән мұғалімдерінің құзыреттілік тәсілдемесін жетілдіру мақсатында «Олимпиада есептерін шығару әдістері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. 
Республикалық «Математикалық регата» байқауының жеңімпаздары Г.Оразәлі күрделі теңдеулерді шешу, Қ.Әділғазы математикалық теңсіздіктерді дәлелдеу және А.Тоғанбай олимпиаданың геометриялық есептерін шешу жолдары бойынша тәжірибелерін ортаға салды. Іс шара «Математика марафоны» күрделі есептерді шығару сайысымен ұласты. Шебер-класқа қатысқан облыс ұстаздары логикалық есептер мен математикалық сауаттылыққа негізделген күрделі есептерді шешудің жолдары бойынша әдістемелік қоржындарын толтырып қайтты.
Шебер-класқа 44 пән мұғалімі қатысты.