Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Отбасы сағаты"


13 мая 2019, 09:30 | 621 просмотр



"Отбасы сағаты" республикалық акция аясында отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін нығайту жəне ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында "Отбасындағы бейбітшілік" ұранымен дəрістік жоба түрінде профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында "Менің жанұям" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 
5-8 сынып аралығында ата-аналармен бірлескен драмалық көріністің тəрбиелік маңызы өте зор болды.Сондай-ақ, отбасылық спорттық сайыс та жоғары деңгейде өткізіліп, соңында жеңімпаздар марапатталды.
9-11 сынып аралығында "Үлгілі отбасы" тақырыбында 20-35 жыл бірге тұрған отбасыларымен кездесу өткізілді. Шара барысында "Неке жəне отбасы туралы" Кодексі бойынша неке туралы, неке қиюдың тəртібі жəне негіздері жайында баяндалды. Акцияға мектеп ұжымы мен141 оқушы, 84 ата-ана қамтылды.