Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мереке үстіне мереке: Халықаралық отбасы күні мерекесінде көп балалы отбасыға баспана берілді


16 мая 2019, 07:10 | 1 268 просмотров



Мереке үстіне мереке: Халықаралық отбасы күні мерекесінде көп балалы отбасыға баспана берілді

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесінде көп балалы отбасыға баспана берілді. «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлы 5 баланың анасы Бейсенбаева Раиса Өмірбекқызына 4 бөлмелі баспана кілтін тапсырды.
Қуанышы қойнына сыймаған Раиса Өмірбекқызы «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлына шексіз алғысын жеткізді.
«Бүгінге дейін баспана қиыншылығын көп көрдік. Жұбайыммен және 5баламен пәтер жалдап күн кештік. Бір балам студент, үшеуі оқушы, ал кішісі 6 жаста. Енді өзіміздің жеке үйіміз бар. Талғат Нұрлыжанұлына рахмет. Көп балалы ана деп ескеріп, осындай үйдің кілтін табыс етіп отырғанына», -деді батыр ана.
«Міне бүгін осындай көп балалы отбасына, ауылымыздың мейірімді жандарының бірі, баспана кілтін табыстап отыр. Жәрдемдесуге мүмкіндік болса, неге көмектеспеске?! »-, дейді ауыл ақсақалы
Сонымен қатар бұл отбасыға Кербұлақ ауданының «Зекет» қоры атынан ақшалай көмек көрсетілді.
Айта кетсек Кербұлақ ауданында наурыз айында бастау алған қайырымдылық іс-шара әліде жалғасуда.

 

Автор:
Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы