Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ПОШТАШЫЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ


14 октября 2010, 19:52 | 1 935 просмотров



Аталған шара өткен аптаның жұмасында ұйымдастырылды. Мерекелік салтанаттың мақсаты- Қазақстан поштасы төл мерекесі қарсаңында халыққа кең ауқымды кешендік пошта қызметін көрсету. Бүгінгі таңдағы жаңа басылымдарды таныстырып, облыс көлеміндегі жергілікті тұрғындарды газет-журналдарға жазылуға тартып, қызығушылығын арттыру.

Баспасөзге жазылу науқаны кезеңінде, жазылушыларға жеңілдіктер туғызу. Бұл игілікті шараны облысымыз көлеміндегі барлық пошта байланыс бөлімдері нақты жүзеге асырмақ. Басылымдарға жазылумен қатар, Казпоштаның маркалық өнімдері сатылады. Арнайы мөр белгісі арқылы анықталатын хаттар апталығы жарияланады.

1860 жылы Алматы қаласында (бұрынғы Верный) алғашқы байланыс бөлімшесі ашылып, халыққа қызмет көрсете бастаған екен. Кейіннен аталмыш мекеме телеграф кеңсесі болып құрылады да, оның құрамына 14 пошта байланыс бөлімшесі енеді. Бұл 1883 жыл болатын. 1920 жылы Орынбордағы Қырғыз әскери комиссариат жанынан пошта телеграф басқармасы жұмыс жасай бастайды. 1930 жылы Қазақстанда осындай құрылымның 1250-ден астамы халық игілігіне қызмет етеді.

1993 жылы пошта ұйымының Бүкілдүниежүзілік қоғамдастыққа танылып, халықаралық пошта одағына құрметпен қабылданған еді. Бүгінгі таңда Қазпошта кәсіпорны өз жұмысының тиімділігін сенімділікпен арттырып, жүздеген мың клиенттері, жанашыр серіктері арқасында дамып, өркендеп отыр.

«Қазпочта» АҚ Алматы облыс филиалы облыс тұрғындары рухани дүниесінің дамып, ақпарат алу деңгейін көтерудегі маңыздылығын ескеріп, басылымдарды таратуға, ерекше көңіл бөлуде.

Жазылушылар мерекесі салтанатына арналған жиынға Алматы облысы аумағындағы пошта саласы қызметкерлері, ардагерлер, мерзімдік басылымдар өкілдері шақырылды. Облысымыздың өркендеуіне, экономикамыздың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан мереке иелерін облыс әкімі орынбасары Мұсаханов Аңсар Тұрсынхан-ұлы құттықтады.

Ол өз сөзінде бүгінгі байланыс саласындағы жетістіктерге тоқталды. Айта кету керек, пошта қызметінің дамуына соңғы технологиялардың енуі айтарлықтай себеп болды. Қазіргі таңда салада білікті де білімді мамандар жұмыс жасайды. Жақын және алыс шетелдермен де нақты байланыс орнатылған. Күніне ондаған газет - журнал, басқа да басылымдар мың-мыңдаған таралыммен дер кезінде өз оқырмандарының қолына тиеді.

Өткен жыл қорытындысына жүгінер болсақ, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы сала жұмыстарын жетілдіру жөніндегі көрсеткіш бойынша Республика көлемінде үшінші орынға ие болды. Ал облыс жұртшылығына мерзімдік басылымдарды таратуда бірінші орыннан көрінді. Бұл үлкен жетістік,- деп атап өтті Аңсар Тұрсынхан-

ұлы. Қазіргі таңда АОФ –да екі жарым мыңға жуық адам еңбек етуде. «Казпочта» АҚ Алматы облыс филиалы директорының орынбасары Бақыт Есенханұлы Жексембиев өз кезегінде кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі, қол жеткен табыстары мен алдағы міндеттеге тоқталды. Әріптестерін құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Мұндай жүрекжарды сөздерді Алматы облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Жексенбай Арғынғазыұлы Мейрембаев, ардагарлер атынан Кырыкбай Калимолданұлы Калимолданов, Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау», «Талдықорған», «Алатау» газеттері редакцияларының, Қос періште» және «Мақпал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері де білдірді.

Табыс тасасында кемшіліктер де жоқ емес. Жасыратыны жоқ, әлі де болса кейбір басылымдар елді-мекендер тұрғындарына уақытында жеткізілмей жатады. Осы және басқа да жағдайларды болдырмау пошта саласы қызметкерлерінің және уақыт еншісінде дер едік. Мұны мінбеге шығып сөз сөйлеген газет редакциялары қызметкерлері тілге тиек етті.

Бұдан соң кезек марапатқа берілді. Алматы облыстық «Қазпошта» АҚ филиалының бір топ қызметкерлері облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хатымен, байланыс кәсіпорнының «Құрметті байланысшысы» атағы төсбелгісі және мақтау қағазымен марапатталды.

Күні бүгін яғни қазанның 15 – і күні дәл осындай мерекелік шара Алматы шахарында да жалғасын тапты.

Автор:
Ырыс КЕНЖЕ. Фото автордікі