Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ардагер атаның ұрпағы


17 мая 2019, 05:53 | 826 просмотров


Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 жылдығына да санаулы күндер қалды. Осы соғыста қаншама адам зардап  шекті. Соғыс өрті шалмаған отбасы кемде-кем шығар. Қаншама ер азматтар Отанын қорғау үшін майданға аттанды. Сол күндердің ауыртпашылығын менің жұбайымның әкесі, яғни менің балаларымның атасы да көрген. Соғыс оларды жастық шағынан ерте есейтті.

Ақсу ауданы Басқан ауылында 1922 жылы дүниеге келген атам Иманжанұлы Құдаш соғыс басталып майданға аттанғанда небәрі 19 жаста еді.10 кластық мектепті өте жақсы және жақсы деген бағамен аяқтаған. 1954 жылы партия қатарына өтеді.1941 жылы мамырдын 1-ші жұлдызында 100-ші атқыштар бригадасында ант қабылдап, 1941-1943 жылдар аралығында аталған бригадасында жаумен шайқасқан. 1943-1944 жылдары125-ші атқыштар полкінде болса, 1944-1945 жылдарда 40-шы кавалерия дивизиясында бөлім командирі болып кейінгі болашақ ұрпақтар үшін шайқасқан.Сол аяғынан жеңіл жарақат алған. Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін “ За победу над Германией” медалімен марапатталған. Соғыстан аман-есен оралып өмірінің соңына дейін ауылдық кеңестің председателі қызметін атқарған. Бүгінде ол кісінің балалары, немере-шөберелері атасының арқасында бейбіт өмір кешуде.Соның бірі-Құдаш Серік  атасы сияқты елін,жерін қорғайтын Қазақстанның беделді бір азаматы болып,кезінде атасы ауылдық кеңестің  председателі болғаны сияқты, ол да  атама ұқсап Отаныма қызмет етсем дейді.Биылғы жылы жоғарғы оқу орнын бітіргелі отырған немересін  ардагер атасының аруағы қолдасын  деп тілеймін.

Бүгінгі жарқын болашақ үшін жанын құрбан еткен  азаматтарды бүгінгі ұрпақ еске алу біз үшін  үлкен парыз,міндет.1945 жыл 9-мамыр  Жеңіс күні жер шарының миллиондаған  адамдардың  естерінде  мәңгілік сақталып,бүгінігі  күнге дейін  ата-бабаларымыздың ерліктерін  мәңгі есте сақтап келеміз.

Бізге ортақ Жеңісті,сіздер аяусыз арпалыспен  әпердіңіздер.Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз!!!

Ізгі ниетпен:

Иманжанов Құдаш әулетінің келіні, ағылшын пәнінің мұғалімі Амиренова Рауза Қасымқызы,  Сарқан ауданы Қарабөгет ауылы

Автор:
Иманжанов Құдаш