Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру


17 мая 2019, 05:56 | 941 просмотр


              «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей

береді ,үңіле қарасаң , тереңдей

береді , қол созсаң қарсы алдыңда ,

айналсаң артыңда тұрғандай»  – деп

 Сократ айтқандай елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды , қол жеткен табысқы саралауда, мұғалім  іс – әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді .

                                                                                                                                                                        

  Білім берудегі  Кембридж  тәсілінің теориялық негіздері орта білім  беру  жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген тәсіл.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Осы жеті модулде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол_жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж. Аймаутов айтқандай, әрбір өткізілген сабақ оқушының жүрегінен орын алатындай, жақсы істерге жетелейтіндей, рухани байлығын дамыту деңгейінде ұйымдастырылуы керек. Мұғалім өзінің беретін пәніне окушылардың ынта-ықыласын оята білуінен сабақ табысты болып қана қоймайды,соның нәтижесінде оқушылар күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын білімді саналы түрде меңгеретін болады.

     Сабақ барысында оқушымен мұғалім,оқушымен оқушы мұғаліммен сынып арасындағы дұрыс құрылған диалог,сабақтың қай кезінде болсада оқушының сапалы білім алуна септігін тигізетіне күнделкіті тәжірбиемде көз жеткіздім.Теориялық материалдарды қайталау үшін сұрақтар әзірлеуге уақыт бере отырып,одан кейін дайындалған сұрақтарын бір біріне қоя отырып,білімдерін тексеру,оқушылардың қызығушылықтарын арттырады,сондай-ақ олардың ойларын дұрыс жеткізуге мүмкіндік тудырады.Оқушылардың топпен отырғызу да өз оқушыларым үшін сабақтағы өзгеріс.Топтасып жұмыс істеу арқылы олар бір-бірінің пікірін тыңдауға,белгілі бір тапсырманы бірлесе атқаруға ұмтылуға,әр балада әртүрлі идея,әртүрлі ұсыныс пен көзқарас болатынын ұғынды.Өздеріне және басқаларға сыни көзбен қарауды үйренді.Сыни тұырғдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады.Бұл оқушылардыңда мұғалімдердіңда сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың,тәжірбиенің,ойлаумен талқылаудың нәтидесінде алынған ақпарақтты ойлауға бағалауға талдауға және  синтездеуге бағытталаған пәндік шешеім .Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға,баламалы шешеімдерді,ойлау және іс-әректімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдық әректтерге және басқалардың сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

 

  Бағдарлама құрамы 3 деңгейден тұрады.

1: Қызығушылықты ойату;

2: Мағынанны ашу;

3:Ой толғаныс;

   Сабақ құрылымы 3 кезеңнен тұрғанымен ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді.Ал,кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған.Сол себептен,орнымен пайдаланылған ұтымды болады.Миға шабуыл старатегиясы бұл ұжымдық талқылау,нәтижесінің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс.Қандайда бір  мәселені әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу.Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі.Миға шабуыл стартегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандартты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады.Миға шабуыл стартегиясың қағидасы қиын емес.Мысалы,топтарға «Бұрыштың градустық өлшемі», «Шеңбер және дөңгелек»т.б. тақырыптары беріледі.

   Іс-тәжірбиеден байқағаным бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады.Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес,ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болды.Қағидасы:

  Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.

  Идеяны нақтау және дамыту мақсатында сұрақ қойюға болады

   Мәселені талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

   Ойлар нақты және қысқа болу керек.

Венн диаграммассы стратегиясы-Бұл стратегияның мақсаты салыстыру,пайымдау. Блум таксономиясы,сұрақтар сратегиясы Блум сұрақтарды екіге бөледі.Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар .Сұрақтар тізімі алын ала жасалуы тиіс.Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді.Жіңіше сұрақтар-жеке түсіруге арналған сұрақтар,жауабы нақты цифрмен немесе ия ,жоқ деген жауап алынатын сұрақтар.Мәселен «пифагор теоремасы» тақырыбын өткен кезде:

  -Бұл бір бұрышты тік болып келген үшбұрыш-тікбұрышты үшбұрыш?(ия)

  -Тікбұрышты үшбұрышта екі гипотенуза болады?(жоқ)

  -Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы тікбұрышына қасы жатады?(жоқ)

  Жалпақ сұрақтар. Жалпақ сұрақтар -сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып,жауап береді.Осы тақырып төңірегінде пифагор теоремамасын әр түрлі жолдармен дәлелде? Сынды тапсырма беруге болады.Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді.Сұрақтың бұл түріне басқа формаларында жауап  беруге болады:сурет,сызба немесе схема түрінде.Топтастыру немесе класстар сратегиясы -ойды жинақтау,есте қалған ойларды топтастыру. «Пирамида» тақырыбын өткее кезде пирамида оқушылар өз ассоциацияларын айтты .Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді.Сабақтың әр кезеіндеде қолайлы. Тірек сөздер стратегисы-мұғалім тірек сөздер береді.Оқулылар тірек сөздерді ретін бұзбай анықма құрастырады.Анықтама құрастыру кезінде логикалық ойлай қабілеті дамиды.Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім.Ең бастысы-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты,олардың қызығушылығы артып,олардың бір бірімен пікір таласатырып ашық сойлеу еркін сөйлу дағдылары қалыптаса бастады.Өздеріне сенімсіздік білдіріп, отыратын оқушылар өз ойын жүйелеп еркін айта бастады.

 

 

Кулдария Каден, 

Черкасск орта мектебі

 математика пәнінің мұғалімі. Сарқан ауданы.

Автор:
Кулдария Каден,