Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Құстар – біздің досымыз»


17 мая 2019, 05:59 | 1 386 просмотров


Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы, олардың адамға пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету. Адамгершілікке, қамқорлыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, слайд, ұяның үлгісі, желім, қиылған пішіндер.

Билингвальді компонент: Құстар – птицы – birds, ұя – скворещник – nestingbox,

дос – друг – friend.

 

Іс – әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

 

 

 

Ынталандырушы – оятушы

Жылыулық шеңбері:

Армысың, алтын Күн!

Армысың, көк Аспан!

Армысың, Жер – ана!

Армысың, достарым!

 

 

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы – ізденуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер байқайсыңдар?

 

Құстар туралы слайд көрсетіп, оларға сипаттама беру.

Қарлығаш – қасиетті құс. Оған жамандық жасауға болмайды. Ол адамның досы. Қарлығаштың ерекшелігі – ол жемін ауада ұшып жүріп аулайды. Өте еңбекқор құс. Ұясын адамдар үйінің маңына салады. Оның құйрығы айыр болып келеді. Қарлығаш туралы аңыз ертегі де бар.

Сонымен қатар, жыл құстарына – тырна, қарлығаш, көкек, бұлбұл, шымшық жатады.

Балалар, тақтаға қарап, қанша құс ұшып келгенін санайық. Күн әлі суық болғандықтан, барлық құс ұшып келмепті.

Қарлығаш нешеу?

Көкек нешеу екен?

Салыстырайықшы, қайсысы көп, қайсысы аз екен?

 

Ал, қанекей, көздеріңді жұмыңдар.

Тәрбиеші орындарын ауыстырады. Көзімізді ашып, қайтадан санап, салыстырайық. Қарлығаш нешеу, көкек нешеу?

 

Дұрыс айтасыңдар, рахмет!

Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»

Шарты: Жануарларды, құстардың дауысын қосады. Ішінен құстарды табу керек.

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып – ұқшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Құстар туралы әңгіме жүргізу: Құстар – біздің досымыз. Мысалы, тоқылдақты орман дәрігері деп атайды. Ол орман ағаштарын құрт – құмырсқалардан тазалайды, емдейді. Құстардың пайдасы өте зор.

Балаалр, бізге көп құстар ұшып келе жатыр екен. Күн салқын болғандықтан, олардың қонатын жерлері жоқ. Құстарға көмектесесіңдер ме?

Олай болса, алдыларыңдағы сиқырлы пішіндерден құстарға ұя жасап беріңдер.

Жұмыстың орындалу тәсілін түсіндіру. Үлгі көрсету.

1.      Пішіндерді аламыз.

2.      Артына желім жағамыз.

3.      Ақ қағаздың дәл ортасына пішіндерді орналастырамыз.

Үшбұрыш – ұяның шатыры, шаршы – қабырғасы, домалақ – есігі болады.

Ұшып келе жатқан құстардың суретін көрсету және даусын қосу.

Қараңдар, бізге көп құстар ұшып келе жатыр екен. Құстар сендерге риза болып, рахметін айтып жатыр.

Көктем мезгілі.

Ағаштар гүлдейді, күн жылынады.

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшеу.

Екеу.

 

Қарлығаш көп, көкек аз.

Көздерін жұмады.

 

 

Қарлығаш та, көкек те екеу. Тең болады.

 

 

 

Құстарды табады.

 

Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

 

Ия.

 

 

 

 

 

Жұмыс тәртібін тыңдайды.

 

Балалар ұя жапсырады.

 

 

 

Рефлексивті – түзетуші

Тыйым сөздер: Құстың ұясын бұзба!

                            Тас лақтырма!

Құстар туралы тақпақ айтқызу:

Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса, баспаңдар!

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

Балалар, не туралы әңгімеледік?

Ұя жасауға қандай пішіндерді қолдандық?

 

Жарайсыңдар! Мадақтау.

Сау болыңдар!

Сөздерді қайталайды.

 

 

 

Тақпақ айтады.

 

 

Құстар туралы.

Үшбұрыш, шаршы, домалақ.

 

Сау болыңыз!

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Жыл құстары туралы білуі тиіс.

Түсінуі: Тыйым сөздердің мағынасын түсінеді.

Қолданылуы: Ұя жасағанда пішіндерді ретімен орналастырады.

 

Айгуль  Мусанова,

№ 10 балабақшасы

ІІ кіші «Балапан» тобының тәрбиешісі.

Талдықорған қаласы.

 

 

 

Автор:
Айгуль Мусанова,