Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жемқорлық індет – күресу міндет


17 мая 2019, 06:00 | 1 129 просмотров


Таяуда Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінде жеке құрамның мәдениеті мен құқықтық санасынқалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау және құқықбұзушылық көріністеріне тосқауыл қою, алдын алуға бағытталған семинар өтіп, соңынан Алматы облысы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен әзірленген деректі бейнеролик көрсетілді.

 Семинарға  «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының заң кеңесшісі Мұқаев Алмас Нұртілеуұлы мен Алматы облысы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Департаментінің  Штаб басқармасының басшысы Оспанбеков Асқар Кенжебекұлы қатысты.

 

Семинар кадр жұмысы тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Т.Жармановамен ұйымдастырылып, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет капитаны Жаныбек Жамалбекұлы Қосжановтың басшылығымен жүзеге асырылды.

Семинарға шақырылған қонақтар «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының заң кеңесшісі А.Мұқаев пен Алматы облысы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Департаментінің  Штаб басқармасының басшысы А.Оспанбеков жеке құрамға ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығын түсіндіре отырып, әр қызметкер мемлекеттік қызметші санатында бола тұра жемқорлық көріністерінің алдын алуға белсенді атсалысу қажеттілігін, бұл індетпен мемлекет пен қоғам бірлесіп оның салдарымен күресуді емес, жемқорлықты тудыратын жағдайлар мен себептерді азайту қажеттілігін атап өтті.

Жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында мемлекетіміздің барлық мекемелерімен бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оның аясында жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мекеме қызметкерлерінің басты міндеті және бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтің кәсіби жүйесінің басым бағыттары болыпмеритократия, тиімділік, нәтижелік, транспоренттік және қоғамға ептілік принциптеріне негізделгенін  жете түсініп отыр.

 

Жасұлан МЭЛСҰЛЫ,

ЛА-155/16 мекемесі ТИБКК орынбасары,

әділет аға лейтенанты

Автор:
Жасұлан МЭЛСҰЛЫ,