Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Абайлаңыз сел қауіпі!


23 мая 2019, 10:58 | 1 250 просмотров


Сел- су құрамында көптеген тастар, құмдар, топырақтар және басқада бөлшектерден құралып, қарқынды уақытша тау ағыны. Сел- бұл сұйық немесе қатты массаға да жатпайды. Бұл уақытша құбылыс (әдетте 1-3 сағатқа созылады), ұзындығы 25-30 км болатындай және су жинау ауданы 50-100км2 аспайтын кішкене ағынсуларға тән қасиет.

Селдің пайда болуына тікелей қатысты факторлар:

Табиғи фактор:

  • қарқынды және ұзақ уақыт жауған нөсер;
  • қардың және мұздың тез еруі;
  • жерсілкіну және жанартаудың әсері;

Және де сел ағынына себепкер, ол антропогендік(адам) фактор:

  • тау беткейіндегі ормандарды шабу;
  • жарылыс жұмыстары;
  • карьер қазу және жаппай құрылыс жұмыстары;

Селді ескерту жөніндегі алдынала іс-шаралар:

Сел қауіпі туралы алғашқы мәлімет селдік станцияларға, гидрометеолық бекеттерге келіп түседі. Тұрғындарға сел туралы құлақтандыру белгіленген ретпен сирена, радио және теледидар, тұрғылықты құлақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады.

Сел ағынымен күрес амалдары алуан түрлі. Бұл қатты ағынды және су қоспасын, ұсақ тау жынысын өткізу үшін бөгеттер салу, сел ағынын бұзу үшін бөгесін каскада және оны қатты заттардан босату , қияларды мықтылау үшін қабырға тіремдері, таулы ағын аулағыш және ағынды жақынарадағы ағын суға бұруға арналған су жинағыш жыралар салынады.

Селдің жүруі және адамдардың іс-әрекеті.

Тұрғындарға болжам бойынша селдің сол ауданға келуі және сел жүру жолдары анықталады. Егерде алдынала ескерту болмаса немесе тұрғындарға жойқын бәлекет қауіпі кеп қалғанда ескертілсе, өздері байқап қалса, әркім дүние мүлкіне қарамай, шұғыл түрде өзі қауіпсіз жерге шығуға тырысу керек. Сонымен қатар туған туыстарды, көршілерді және кезіккен адамдарды ескерту керек. Сел ағыны немесе сырғыма қауіп- қатерінен уақыт болған жағдайда тұрғындарды қауіпті жерден қауіпсіз жерге құтқару жаяу түрде де және көлікті қолдану түрінде де іске асады. Адамдармен бірге материалдық құндықтар және ауылшаруашылық төрт түлік малдар да құтқарылады.

Үйден шығар алдында отты өшіріп, газ құбырын жауып, электр және электр бұйымдарын өшіру керек, себебі бұл өрт шығу салдарын азайтады.

Шұғыл  шығу кезінде жақын жердегі қауіпсіз жерге баратын жолды білу керек. Бұл жолдар тұрғындарға сел келу болжамы бойынша белгіленіп және түсіндіреледі. Шұғыл түрде шығу кезінде табиғи қауіпсіз шараларға тау беткейлері және биік жоталар жатады. Қауіпсіз тау беткейіне  шығарда жазықтарды, шатқалдарды және ойықтарды пайдалануға болмайды. Себебі ол жерлерге сел ағынынан кейін су жиналып, арналар пайда болуы мүмкін.

Сел ағыны кезінде іс-қимыл.

Келе жатқан сел ағынының дыбысын естігенде, тезірек өзек түбінен ағынды жолымен  кемінде 50-100м жоғары көтерілу керек. Қатты ағындыдан үлкен қашықтықта үлкен тастар төгіндісі болуын есте сақтау керек.

Ағынменен алып кеткен адамдар болса, барлық қол жетімді заттармен(арқан немесе жіп, және т.б) көмектесу керек. Құтқарушыны ағыннан ағын бағытымен жағаға қарай жақындатып құтқару керек.

Сел ағыны жүріп өткеннен кейінгі іс-шаралар.

Селден кейін, алдында асығыс кетіп қалған аймаққа және оны жақынарада қауіпсіз жерде өткізген адамдар селдің қайталануы болмайтынына көз жеткізген соң, сол аймаққа қайта оралып, іздестіру және құтқару жұмыстарына кірісу керек. Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету керек. Егер өзіңіз жарақаттанып қалсаңыз, өзіңізге алдынала дәрігерлік көмек жасаңыз. Жарақаттанған жерді көтеріңкі ұстап, оған мұз немесе сулы мата, орам жасау керек.

Сел қауіпі немесе сел болған жағдайда, үрейленбей, құтқару қызметіне «112» немесе «102» телефон нөміріне қысқа және түсінікті түрде хабарласу керек.

Өзіңізді сақтаңыз, көмек міндетті түрде келеді.

 

А. Сабырбаев, «Қазселденқорғау» ММ Қапал өндірістік пайдалану бөлімінің басшысы.

 

Автор:
А. Сабырбаев, «Қазселденқорғау» ММ Қапал өндірістік пайдалану бөлімінің басшысы.