24 мая 2019, 02:51 | 957 просмотров
Білікті ұстаз өнегелі,
Құтты болсын мерей жас мерекелі.
Білімнің жемісін көрудесіз,
Тілейміз денсаулық пен береке!
Адам өзін танытуы, кім екендігін дәлелдеуі, қолынан іс келетінін мойындатуы еңбегімен, атқарған жұмысымен бағаланады. Жоғары оқуды бітіріп туған жеріне келіп, еңбек жолын Ақсу ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Өмірінің талай жылын жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнап, балалар тәрбиесіне аянбай үлес қосқан ұстаздың бірі болып, жан-тәнімен еңбек етеді. Болашақ ұрпақты жан – жақты жетілдіріп, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, саналы адам етіп тәрбиелейтін ұлағатты ұстаздың бірі Еркинбекова Баян Советбековна 1960 жылы Ақсу ауданы, Басқан ауылында дүниеге келген. 1977жылы Талдықорған педагогикалық институтының математика факультетін 1981 жылы бітірген. 1991 жылдан бері «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Атқаратын қызметі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Осындай адамның өмірдерегіне сәл тоқталсақ. Ұзақ жылғы еңбегінің біраз нәтижелеріне тоқталсақ:
4.Республикалық «Жеңіс, естегілер,ертегілер» байқауында оқушысы Г.Қарабаева 1-орын алып, республика көлемінде кітапқа мақаласы жарияланды.
5.Облыстық Кіші ғылым Академиясының 34-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясында оқушысы Р.Жакиева 2-ші орын , 36-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясында оқушысы У.Әлімханов 2-ші орын иеленді.
Еңбегінің нәтижесінде: Қазақстан Республикасы КҒҚ президумының «Алғыс хаты», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының «Алғыс хаты»,АОМКДИ «Құрмет грамотасымен», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бақ жұлдызы маңдайында жарқырасын,
Өмірге құштарлығы болсын басым.
Жүрекжарды арнаймыз тілек-жырды,
Баян апай, көрер қызық, атар таң таусылмасын!
Әр адам өзінің еңбегімен дараланады, сол дара тұлғаның бірі Еркинбекова Баян Советбековна десек артық емес. Ұстаздың еңбегі ұстаздар мен жас ұрпаққа, әркез үлгі болады деп ойлаймыз.
Ізгі тілекпен: Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы «Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ ұстаздар ұжымы