Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік пен ізгілікке бастар жол


24 мая 2019, 02:55 | 1 390 просмотров


Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде,  адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз  процесі болып табылады.                                                                                                                                       Назарбаева Сара Алпысқызы.

«Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды» деген К.Д. Ушинский. Себебі адамгершілік – тек адамзатқа, әрбір адам баласына ғана тән құнды қасиеттерден тұрады. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген бала өзін оңтайлы қабылдап, өзін қоғамның дербес және ажырамас бөлігі екендігіне көзі жетеді. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік, қоғамнан, заман ағымынан, үнемі назардан тыс қалмайтын тақырып. Бала бойына сіңіруден еш жалықтырмас тақырып.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың». «Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi.

 Бүгінде рухани жəне адамгершілік мəселелері əлемдік қоғамның басты назарында, себебі адам- дардың санасында рухани жəне адамгершілік құндылықтардың дамуынсыз бір де бір қоғам өзінің əрі қарай дамуын көре алмайды.

Бұл жөнінде Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050»: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясы (14.12.2012 ж.) атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Əлем дүниетанымдық жəне құндылықтар дағдарысын бастан өткеруде. Біз қазір экономикалық мəселелерден гөрі, рухани мəселелерге басым назар аударылатын мемлекетіміздің дамуы кезеңіне қадам басудамыз», — деген болатын.

Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесі өскелең ұрпақтың дамуына, балалар мен жастарда адам- гершілік сенімдердің жəне де махаббат, мейірімділік, шындық, əдемілік, адамгершілік сынды жалпы адами құндылықтармен адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Осыған орай заманауи педагогиканың маңызды міндеттерінің бірі балаларды жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тəрбиелеу болып табылады. Бұл міндеттің отыз жыл бойғы тəжірибелік шешімі болып, елімізде өскелең ұрпақты дамыту жəне рухани адамгершілікке тəрбиелеуде белсенділік танытқан, Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысовна Назарбаева авторы болатын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік рухани-адамгершілік білім жобасын жүзеге асыру болып табылады.

«Өзін-өзі тану»  – бұл, ең алдымен жаһандану кезеңінде бақытты өмір сүре алатын, қоршаған ортаны сақтай алатын, өмірлік ұстанымы басқа адамдарды түсіне алатын, өз əлемінің ұлттық бейнесін қорғай отыра, түрлі мəдениет пен өмірлік тəжірибелерге құрметпен қарайтын рухани ағарған адамды, Ғаламшар азаматын жəне бір мезетте Қазақстанның азаматын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде дамыту жүйесі. «Өзін-өзі тану» философия жəне психология, педагогика жəне тарих, дінтану жəне мəдениеттану, əдебиет, ұлттық психология, этика, эстетика, əлеуметтану сияқты гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылыми пəндерді байланыстырған жұмылдырылған база тəріздес [2].

«Өзін-өзі тану» бала мен жасөспірімнің рухани-адамгершілік мəдениетінің дамуына, өз өмірінің мəнін түсінуге, өзінің «Менін» түсіну арқылы адамның жоғары болмысын, өзін-өзі тануға бағытталған пəн. «Өзін-өзі тану» пəні мəдениеттің, жалпы адами құндылықтың, адамның шығармашылық қабілеттілігін дамыту, өзінің қайталанбас даралығын ұғыну, əрбір оқушы өзінің табиғи қабілеттілігін ашуды дамытуға бағытталған. «Өзін-өзі тану» пəнінің негізін құрайтын руханилық-зияткерлік, этикалық жəне эстетикалық негізгі үш өлшемнің бірлігінде дəлелденеді. Пəннің базалық мазмұны төрт негізгі бөлікті қамтиды: адамның өзін-өзі тануы; адам жəне қоғам; адам жəне қоршаған орта; адамзаттың рухани тəжірибесі. Өзін-өзі танудың пəндік аймағы əрбір оқушының өзінің табиғи қабілеттілігін ашуға жəне өзінің ішкі əлемін ашудағы шығармашылық шамасына, өзінің қайталанбас даралығын ұғынуға бағытталған мақсатты оқыту барысын ұйымдастыруға болжанған.

Өзін-өзі тану сабақтарын ар-ұждан сабақтары деп атауға болады, себебі ар-ұждан барлық рухани-адамгершілік құндылықтарын айқындаушы болып табылады. Бүгінгі күні Шəкəрім Құдайбердиевтің арманы орындалды деуге болады, себебі өзін-өзі тану сабақтары Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде жүргізіледі. Руханилық ¾ бұл «адамның сол немесе басқада жоғары құндылықтарға ұмтылуы, адамның өзін өзгертуге талпынуы, өзінің өмірін сол мақсатқа жақындатуы жəне ішкі үйреншіліктен босатылуы» (В.И. Даль).

Ғасырлар бойы адамдар рухани-адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалады. Қазіргі заманғы қоғамда пайда болған əлеуметтік-экономикалық терең жаңғырту бізді Қазақстанның болашағы, оның жастары туралы ойлануға мəжбүрлейді. Қазіргі уақытта адамгершілік бағдар алынған өскелең ұрпақты руханисыздықта, нанымсыздықта, қатыгездікте кінəлауға болады.

Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор.

XXI ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық ой өрісі, инновацияларға ашылуы қоғамның негізгі капиталы болып есептеледі. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сəйкес, адамның тұлғалық биіктігі мен кəсіби артуына жету мақсатында білімге құзыретті көзқарасты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бейімделгені анық көрінеді. Төмендегі түсініктер қарастырылып, мағынасына келесі мəн беріледі:

жалпыадамзаттық, ұлттық, этномəдени жəне тұлғалық құндылықтарды үйлестіру;

бірыңғай дүниетанымды дамыту;

азаматтық сана;

өмірлік дағды;

оқушылардың шығармашылық белсенділігі.

«Өзін-өзі тану» жобасы баланың жалпы дамуына, рухани əлемді жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Басты мақсат ¾ баланы өзімен, қоғаммен жəне қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге үйрету.

Баланы жеке тұлға деп қарастырып, өзіне, өзінің күші мен қабілеттеріне сенімінділігін күшейтуге, жақсылық жасауға, әділ әрі парасатты болуға, өзімен және ішкі жан-дүниесімен үйлесімділік орнатуға мүмкіндік береді. Осы тұста Абай атамыздың: «махаббат пен әділдік сезімі кімде көбірек болса, сол кісі – ғалым, сол – кісі дана» деген сөздерімен келіспеске болмас.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Арлы адам- ардақты. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

«Өзін-өзі тану» бойынша сабақтар құрылымы мақсатқа сәйкес, көлемі мен мазмұны жұмыс істеу үшін жеткілікті, материалды баяндау формасы шектелген, баяндау әдістері «Өзін-өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру пәнінің мазмұнын ашып көрсеткен және балалармен шығармашылық тапсырмалар бірлескен топтық әрекетке, балалардың өзіндік әрекетіне бағытталған.

Гаухар Бекбергенова, 

Көксай негізгі мектебі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

 Кербұлақ ауданы Көксай ауылы

Автор:
Гаухар Бекбергенова,