Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сабақтарда жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері


24 мая 2019, 03:01 | 1 221 просмотр


Қазіргі кезде біздің Республикамызда кәсіби білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл кәсіби педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне елеулі өзгерістер алып келіп отыр: білім берудің  заманға байланысты  өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

 Сабақ беруде педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті түрі.  Технология деп белгіленген мақсатты тиімді орныдау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бірізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Кейбір зерттеушілер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.  Соның бірі  80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналистер, содан кейінгі кездерде педагогтар «инновация»  сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) – бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.

   Инновация өзінің дамуы барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық: тарату және жойылу – деп айта келе, инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технология, ойын технологиясы, жоба әдісі - деп топтастырып көрсетеді.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы - психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде білім алушының ақыл-ойының дамуы «актуальді даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу»  теориясы.

Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім  алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.  Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады,  төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады. 

Бағдарламалап оқыту технологиясы – мақсаты оқыту үдерісін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу.  Бағдарламалап оқыту теориясы оқыту материалдарын меңгеру  үдерісін машиналарға қолданылатын бағдарламалар әрекетіне негіздеуден туындаған. Оқытудағы бұл бағыт танымдық мәліметтерді толық қабылдауға жеңіл болатындай, логикалық тұрғыда аяқталған бөлшектермен беруді ұсынады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы -  ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды  және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделу, т.б.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- оқыту мен үйретудің моделі: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. Сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не  үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолын қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Топ студентері бірігіп ұйымшылдыққа тәрбие алады.

22 – ТО тобымен «Теориялық механика негіздері» пәнінен   «Нүктеге қатысты күш моменті»  тақырыбына  сыни тұрғысынан ойлау  технологиясымен сабақ  өткіздім.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары студенттердің    жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын студенттер де  қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.

      Мағнана ажырату кезегінде – Нүктеге қатысты күш маменті туралы толық мәлімет алды.

 Ой толғаныс  кезеңінде -  Білдім,  Білгім келеді,  Үйрендім  стратегиясымен сабақты бекіту мақсатында топпен бірігіп жауап берді.  Білгісі келетіндері көп екендігі аңғарылды сонымен қоса біліп үйренгендерін жарыс мәлімдеді. 

 Сабақты қорытындылай келе не білдік, не үйрендік ? деген сауалнамаға топ болып жауап берді. Сабақ өз мақсатына жетті үйткені барлық студент өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы студенттердің  еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге бағытталған. Сыни ойлауда –студенттердің  қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады деп ойлаймын. Өз сабақтарымда осы технология элементтерін жиі қолданамын.

Өздігінен даму технологиясы - баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: «мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету болып табылады. Жаңа критериалды бағалау әдістерін өз сабақтарымда қолданып отырырамын.

Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады

Дамыта оқыту технологиясы - оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренушінің субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек.

Ерлан Курсакбаев,

Арнайы пәндер оқытушысы,

Көксу Ауылшаруашылық колледжі.

 

 

 

Автор:
Ерлан Курсакбаев,