Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ізгі жан-Нағима Исламқызы!


24 мая 2019, 03:03 | 1 137 просмотров


Әр ұстаз  білім мен тәрбиені егіздей етіп сіңіре отырып, оқушы көкірегіне ұялатып өсіретіні бәрімізге аян. Сол себепті де бала тәрбиесінде ұстаздар қауымының атқарар міндеті де ауқымды. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген әр оқушы ғылыми негіздерде ғана дәріс алып қоймай, сонымен қатар адами қасиеттерді де бойына молынан сіңіріп өсуіне үлес қосқан ұстаздың бірі Ализбаева  Нағима  Исламқызы 1960 жылы туған. Білімі  жоғары. Жансүгіров атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінің  орыс тілі мен әдебиеті  мамандығы  бойынша  1982  жылы бітірген. Алматы облыстық  аумақтық  қоршаған  ортаны  қорғау  басқармасы  құрмет  грамотасы және төсбелгі иегері. Республика, облыстық, аудандық  құрмет  грамоталарымен марапатталған. Өз мамандығының майталманы, талай дарынды оқушыларды тәрбиелеп, өмір жолына бейімдеді. Тәрбиелеген шәкірттері жоғары оқуды бітіріп әр салада еңбек етуде.

Аталмыш мектепте талай жыл еңбек еткен аяулы әріптес, ардақты ана, асыл әже, ұлағатты  ұстаз бүгінде зейнетке шығып, жемісін жеуде.  Торқалы, мерей тойыңыз құтты болсын! Мәртебеңіз биік болсын, деніңіз  сау, бала- шағаның ортасында бақытты ғұмыр кешіңіз! Жарық дүние әрдайым Сізге жақсылық нұрын төге берсін деп тілейміз.

Өмір атты ғұмырдың кемесінде,

Ұрпағың өзіңменен көбейсін де.

Тереңдетіп балаға білім бердің,

Игі істің мәңгі қалар ел есінде.

Жүрекжарды тілегімізді қабыл алыңыз!

Шаршағанды білмейтін ардақты ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа, ізгілікке баулып, білікті,  саналы азамат  тәрбиелейік!

Алматы облысы, Ақсу ауданы

Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм  ұстаздар ұжымы

Автор:
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,