Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары


24 мая 2019, 03:04 | 3 860 просмотров


Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай,менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе, оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.

Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдала¬ну арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерт¬теулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық тех¬нологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім са¬пасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс- тәсілдері болып табылады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жа¬салады.. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.

“Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе”, – деп В. В. Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.

Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.

– музыкалық әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;

– музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;

– музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту. tarbie.at.ua сайтынан Эстетикалық тәрбие беруші маман – музыка пәні мұғалімі.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі іс. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп кезінде „жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін“ – деді. Я.А.Коменский. „Мұғалімнің қызметі мәртебелі“,- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры“, – деп атап көрсетеді.

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.

«Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.

Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.

Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.

Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.

Музыка мұғалімінің оқушылармен жұмыс істеу барсында яғни музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау.

Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара алады:

1) Қатынастық қызмет.

2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.

3) Оқушының ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес дамыту.

4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.

Осылардың негізінде орындалатын біздің міндетіміз:

  • қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
  • жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
  • музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
  • жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.

Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі – ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Болашақ музыка пәнінің мұғалімдері кәсіби-педагог ретінде мамандыққа бағытталған оқу пәндері негізінде дайындалады.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі іс. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп кезінде „жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін“ – деді. Я.А.Коменский. „Мұғалімнің қызметі мәртебелі“,- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры“, – деп атап көрсетеді.

Қорыта айтқанда: Мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерт¬теуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологияны пайдалану оқушылардың өз бетімен білім алу құзіреттілігін дамытуға және білім сапасын арттыруға үлкен әсер етеді. Сондықтан мектепте оқытылатын сабақтардың сапасына өзгеріс енгізу - бүгінгі өмір талабы. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші барлығымыз болашақта өркениетті елдердің жаңа технологиясын меңгертіп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шыға берейік.

Жанымкүл Ибраймова, музыка пәнінің мұғалімі, Көксай негізгі мектебі, Көксай ауылы, Кербұлақ ауданы.

 

Автор:
Жанымкүл Ибраймова, музыка пәнінің мұғалімі, Көксай негізгі мектебі, Көксай ауылы, Кербұлақ ауданы.