Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

жұмысымыздың көрсеткіші болып табылады


24 мая 2019, 03:05 | 1 261 просмотр



Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы тікелей халыққа арналуы тиіс. Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі атқарып жатқан жұмысымыздың көрсеткіші болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

«Талдықорған қаласы білім бөлімі» ММ-сі жалпы білім беру мекемелерінде электронды мемлекеттік қызметтерді көрсетуге көшу мақсатында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» қызметтерін «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы алуды алдағы уақытта жүзеге асыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тәжірибеден өту семинары ұйымдастырылып өткізілді.

Семинарға Талдықорған қаласының 25 жылпы білім беру мекемелерінің директорының орынбасарлары мен жауапты қызметкерлер қатысты.

 

 

Р.С.Барманова , Талдықорған қаласы білім бөлімінің сектор меңгерушісі

Автор:
Р.С.Барманова , Талдықорған қаласы білім бөлімінің сектор меңгерушісі