Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысында 60 жыл бұрын ұядан ұшқан мектеп түлектері балаларға шағын футбол алаңын салып берді.


30 мая 2019, 14:00 | 555 просмотров



Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының №49 орта мектебінің  қабырғасынан    60 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер алтын ұяларына қайта оралып, Оңалбаев Алғабас Шайзаданұлының бастауымен мектеп базасына шағын футбол алаңын сыйға тартты.  Ел ағаларының мектебіне деген ерекше сыйлығынан бұл кісілердің бойынан туған жерге, мектебіне деген ыстық махаббатын байқауға  болады.

       Ағаларымыздың  60 жылдық кездесуі жастар жылымен сай келуі қуантарлық жайт.

       60жыл өтсе де алтын ұя мектептеріңізді ұмытпай, мектеп қабырғасына келіп жас түлектерімізді құттықтап, футбол алаңын сыйға тартып отырсыздар. Ел ағаларының бұл ісі көпке үлгі. Кешегі оқушылар бүгінде ел ағалары болып, туған жерге тағзым етіп, ауыл аймақтың көркейуіне үлес қосуда. Жастар үшін жасаған ерекше сыйлықтарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз -, деді мектеп  директоры Айман Мелісқызы.

     Шағын футбол алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі М.Бигелдиев те келіп, 11 жыл мектептен білім нәрін алған жас түлектерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді және де Алғабас Шайзаданұлымен шағын футбол алаңының лентасын қию рәсімін өткізді.

     Айта кету керек биыл Кербұлақ ауданында  438 оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты.

Автор:
БШ Акпарат.