Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматыда 478 оқушы «Алтын белгі» алды


19 июня 2019, 03:08 | 2 080 просмотров



АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мектеп бітірушілердің «Жас түлек-2019» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі


Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Бауыржан Байбек түлектерге мектеп бітіру аттестаты мен «Алтын белгілерді» табыстады.


Биыл Алматыда 8250 оқушы мектеп бітірсе, оның 478-і «Алтын белгіге» ие болды. «Сіздердің білімге деген құштарлықтарыңыз бен табандылықтарыңыз «Алтын белгімен» марапатталды.

 

Араларыңызда республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, шығармашылық байқаулар мен зияткерлік ойындардың жүлдегерлері бар. Сіздер тәуелсіз Қазақстанның болашағысыздар.

Барлық ата-аналар мен ұстаздарға алғысымды білдіремін», - деді Бауыржан Байбек.   Түлектерді жасампаз жастар Ержан Максим, Данэлия Төлешова, Жан Макин құттықтап, ән арнады.  

Айта кету керек, соңғы 5 жылда Алматыда білім саласын қаржыландыру 2 есе артты

. Қаладағы барлық мектептер физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталған.

 

78 оқу орнында сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілді. Соңғы үш жылда 3 мың орындық 3 жаңа мектеп бой көтерді.

Алты мектепке жапсарластырып қосымша ғимараттар салынды.   Күзде Алатау ауданында 600 балаға шақталған тағы бір мектеп ашылады.    



Автор:
https://www.inform.kz