Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы.


21 июня 2019, 03:47 | 1 029 просмотров


2019 жылдың  3 – 14 маусым күндері аралығында  орта білім беру  мазмұнын жаңарту аясында «Физика» пәні бойынша педагог  кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өтті. Аталмыш курста Алматы облысы бойынша Ақсу, Алакөл, Жамбыл, Ескелді аудандарының физика пәнінен дәріс беретін    20 мектеп  мұғалімдері  білімдерін  жетілдірді.  Курс тыңдаушыларына дәрісті Талдықорған қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының  тренері Ербатырова Айжан Жумабаевна жүргізді.

Курс барысында  курс тыңдаушылары жаңартылған оқу бағдарламасына және оның құрылымына, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер мен критериалды бағалау жүйесі туралы мәліметтер алды.

Біліктілікті арттыру курсында  курс тыңдаушыларының «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, Оқу бағдарламасының мазмұны,  оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының құрылымы, оқу бағдарламасының спиральдік қағидаттары жайлы түсініктері кеңінен қалыптасты.

Тиімді оқыту және оқу тәсілдері, белсенді оқытудың түрлері, Б.Блум  таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар  құрастыру үлгілері, оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған әдіс – тәсілдер,  тапсырмалар, қалыптастырушы бағалау үдерісі, қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру, саралау әдістері, критериалды бағалау тақырыптары бойынша мектеп мұғалімдерінің білімдерін  толықтырып, қысқа мерзімді жоспарлауда негізге алу керектігі ескерілді.

Курс  тренері  Ербатырова Айжан Жумабаевна  сабақта әрбір оқушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет екендігін курс тыңдаушыларына жеткізе білді. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, оқушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек екендігіне ерекше атап өтті.

Орта білім беру  мазмұнын жаңарту аясында «Физика» пәні бойынша педагог  кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан  әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек екендігі, пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілгені туралы курс тренері аса назарға алу керектігіне тоқталды.   

Сабақта белсенді әдістер қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік беретіндігін үйрете отырып, практикада қолдану маңыздылығын түсіндірді. ді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына,

Оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал ететіндігін мысалдар келтіре отырып курс тыңдаушыларына жеткізе  білді.

Курс тыңдаушылары орта білім беру  мазмұнын жаңарту аясында «Физика» пәні бойынша педагог  кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан білімдерін жетілдіре отырып   оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырға, оқушыларды оқуға және өздігінен ізденуге ынталандыруға, білім алушыныңы бойында коммуникативтік дағдылар қалыптастыру және дамыту, алған біілімдерін үнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптыстыру, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамыту бағыттаймыз.

Талдқорған қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығында физика бағдарламасы бойынша білімін жетілдіруші №12-БЖ-38-19 тобы курс тренері Ербатырова Айжан Жумабаевнаға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

 

                                                                       

 

 

Автор:
Талдықорған қаласы, №12-БЖ-38-19 топ , Физика бағдарламасы бойынша курс тыңдаушылары