Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дене шынықтыру сабақтарында орта мектеп оқушыларының төзімділік қасиеттерін түрлі жаттығулар орындау арқылы дамыту.


28 июня 2019, 03:56 | 1 276 просмотров


Оқылым сияқты жаттығу мен шынығуда маңызды. Мен болсам оларды аса маңызды дер едім, себебі денсаулық оқудан да қымбат.

Томас Джефферсон

 

Мектебіміздің дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінде талқыланып, әр мұғалім өзінің жұмыс бағытын анықтайтын кәсіби даму мақсатын анықтады. Сонымен қатар биылғы оқу жылында өзімнің кәсіби даму тақырыбын тандап алдым: «Дене шынықтыру сабақтарында орта мектеп оқушыларының төзімділікқасиеттерін  түрлі жаттығулар  орындау арқылы дамыту». Осы тақырыпқа байланысты зерттеу жұмысына өзім сабақ беретін 9С сыныбын тандап алдым. Бұл сыныпты тандап алған себебім 2017-2018 жылдан бері сабақ беріп келемін, осы уақыттан бастап сабақ бергелі ұлдардың әр спорт түріне деген төзімділік қасиеттері әр түрлі болды. Осы сыныпта оқушылардың төзімділік қасиеттерін түрлі жаттығулар орындау арқылы дамытқым келді. 

Мен өзімнің 9С сыныбымда «Командалық ойындардағы бірлесе оқу» бөлімі,берілген бөлімде оқушылар шешім қабылдау мен проблемларды шешу кезінде өздерінің тактикалық біліктілік туралы білімі мен түсінішілікті жақсартады. Бұм мүмкіншілік мұғалім мен оқушылар басқаруымен жеке-бас, жұптық және топтық тапсырмалар негізінде іске асады. Оқушыларда келесі мүмкіндіктер бар: өздерінің қозғалыс дағдыларын жақсартуға; ойындағы тактиканы жақсарту үшін ойын комбинацияларын зерттеп, жаңажан құру; өздерінің және басқа оқушылардың прогрессіне көңіл бөлу.   

 "Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар" тақырыбын тандап алдым.  

Сабағымның мақсаты: 1. Оқушылардың спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар арқылы  бірлескен жұмыстағы жеке дағдыларды салыстырады, көрсетеді.

  1. Қозғалмалы ойындар арқылы орындалатын тапсырмалардағы қолданатын әр-түрлі рөлдерді салыстырады.

                   Сабағыма мұндай мақсат қойғанымның себебі бұл сыныптың физикалық қасиеттері, ептілік, төзімділік қасиеттері әлсіздеу болды және осы қасиеттері ғана емессоған орай олардың медициналық көрсеткіштерін көріп, қадағалауды жөн көрдім, сол себептен сабақты мынандай реті бойынша жөн көрдім. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін волейбол ойынының тарихы туралы әртүрлі бейне материалдар көрсеттім. Сыныпта оқушылардың физикалық қасиеттері әртүрлі болғандықтан балаларды екі-үш топқа бөліп сабақ өткізуді жөн көрдім. Сабақтың тақырыбы мен  мақсатына жету үшін оқушыларды екі топқа бөліп сабақ жүргіздім.  Сабақты жүргізу кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді, оқытудың белсенді түрлерін тағы да басқа тәсілдерді кеңінен қолдандым.

                   Әр топтың ішінде волейбол үйірмесіне қатысып жүрген қыздар, яғни  көшбасшылар қатары болды, сол арқылы топтарда жұмыс жүргізілді. Жаттығулар арқылы оқушылардың  төзімділік қасиеттерін дамыттым. Белгілі уақыт ішінде топтармен орын ауыстырылып отырды. Әр жаттығу кешені аяқталған кезде оқушылармен топтардың арасында бірін-бірі бағалау, қандай қателіктер жіберілді, қандай жаттығу дұрыс жасалмады, нені жақсарту керек, тапсырманың қарапайым түрін күрделендіру арқылы орындалу дағдысын жетілдіруге бағытталған және оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтып отырды.

Мұндағы күтілетін нәтиже :

  1. Қозғалмалы, топтық ойындар арқылы оқушылардың төзімділік қасиеттерін дамыту;
  2. Түрлі жаттығулар кешені арқылы тепе-теңдік қасиеттерін сақтау;
  3. Жалпы дамыту жаттығуларын орындаудың ретін біледі, олардың сауықтыру маңызын түсінеді;
  4. Оқытудың белсенді түрлерін жан-жақты қолдану арқылы төзімділік қасиеттерін жетілдіру.

         Сабақтың соңында оқушыларды әр түрлі әдістермен бағалау кезінде олардың бойларында қуанышты әсерлер көп байқалды. Бағалау кезінде оқушылардың қуанғандарын көріп, сабағымның жақсы өткенін байқадым. Өз-өзіме баға бердім. Оқушыларды бағалағанда оң әсерін байқадым. Осы сабақта берілген тапсырмалар арқылы балалардың кішкене болса да өздерінің бойларында спорттық ойындар арқылы төзімділік қасиеттері дамығанын  көрдім.  Дәлелдеме ретінде фото, видеоларды жинақтадым. Бұл сынып "жоғарғы мектеп оқушылары" болғандықтан мен әр сабағымды әр түрлі әдістермен, белсенді оқыту түрлерін қолданып өткізуге тырысамын. Сабақтарымды әр түрлі әдістермен  өзгерістер енгізгенім  өзімнің әріптестерім және мектеп әкімшілігі, шетелдік әріптестерімнің оңтайлы қарағандарын көріп отырдым.

Өзімнің кәсіби даму шеберлігімнің тақырыбы бойынша бүкіл сыныптарымда жұмыс жүргізілуде.

Мұғалім - оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жаңашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі және солай болуға тиіс. Ендеше, болашақта оқушыларымның өз бетімен ізденулеріне, бір-бірлеріне сенімділіктері артып, көшбасшылыққа ұмтылуларына, өз ойларын еркін айта алуларына ықпал жасауда жұмыстар атқарамын деп сенім артамын.

Автор:
Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Атабаев Алибек Муратович