Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастауыш сынып оқушылары республикамыздың еңүздікматематиктертізімінекірді!


1 июля 2019, 03:19 | 2 748 просмотров



Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастауыш сынып оқушылары республикамыздың еңүздікматематиктертізімінекірді!

ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрлігінің «Дарын» республикалықғылыми-практикалықорталығы Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлікмектепбазасында 2-4 сыныпоқушыларыарасында «Бастау» XІІ республикалықматематикалықтурнирінөткізді.

ТурниргеҚазақстанныңбарлықоблыстарынан 150 қатысушыбәсекегетүсіп, бақтарынсынады.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің төрт оқушысы жүлделі орындармен оралды. Алихан Исаев, Амир Ахмеджанов, Дамир Бекмолда – ІІІ орын, Адия Майдан – ІІ орын иегері атанды.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша математикалық турнир бұл - математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады. Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры – турнирге қолдау көрсетіп, барлық қатысушыларға үш тілде кітаптар сыйлады және турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерлеріне әйгілі «Меломан» дүкендер желісінің сыйлық сертификаттарын табыс етті.

Автор:
Nis Taldykorgan