Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЗАТ ЕСІМ


22 октября 2010, 10:58 | 2 971 просмотр



Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.

2.Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентация-

сы, дидактикалық материалдар, тест, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзі-өзін бағалау әдісі. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Психологиялық дайындық «Ортеке» әнін баян аспабына қосылып орындау.

2) Бағалау әдісімен таныстыру.

- Балалар, біз бүгін әр түрлі кәсіп иелеріне қонаққа барамыз. Олардың сендерге дайындаған тапсырмалары мен сыйы бар. Сендердің әрбір дұрыс жауаптарыңа 10 ұпайдан беріп отырады. Сендер жинаған ұпай сандарыңа қарай бағаланасыңдар. 10, 20, 30 ұпайға – «3», 40, 50, 60 ұпайға – «4», 70, 80, 90 ұпайға – «5» деген баға қоясыңдар.

- Балалар, бізді бүгін мұғалім, балықшы, дәрігер, тігінші, музыкант , суретші және аспаз қонаққа шақырып отыр. Бізге оларға бару үшін көлік қажет. Қанекей, өзімізге ыңғайлы автокөлік түрін таңдап алайық. Таңдаған автокөлікке міну үшін сол автокөліктің атына дыбыстық талдау жүргізуміз қажет.

II. Дыбыстық талдау.

III. Өткенді қайталау. Мұғалім тапсырмасы. Тесттің жауабын тауып көр.

1.Түбір сөзді тап.

а) жаңалық ә) күй

2. Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады?

а) қосымша ә) түбір

3. Қосымшаның неше түрі бар?

а) 4 ә) 2

4. Жұрнақ деген не?

а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша

5. Жалғау деген не?

а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша

6. Сөз таптарын тап.

а) жұрнақ, жалғау

ә) зат есім, сын есім, сан есім, етістік.

Жұптық жұмыс. Тест кілтіне қарап бір-біріңді бағалаңдар. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай.

Тесттің кілті:

IV. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Сөздік диктант.

V. Сергіту сәті:

VI. Жаңа сабақ.

Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады: адам, әншілер, кеме, ағаштар.

Балықшы тапсырмасы: «Сөзжұмбақты шешіп көр».

VII. Оқулықпен жұмыс.

300 – жаттығу.

Дәрігердің тапсырмасы: Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

VIII. Тігінші тапсырмасы: Суреттегі заттардың атын жаз.

Сұрақ қой. Ребусты шешіп, әңгіме құра.

IX. Музыкант тапсырмасы: Кімге не керек екенін табыңдар.

X. Суретші тапсырмасы: Сөздерге –ші жұрнағын жалғап жаз. Сонда қандай сұрақ қойылады?

XI. Аспазшы тапсырмасы: «Сиқырлы кесте» сұрақтарына жауап беріңдер.

Зат есім деген не?

Зат есімнің сұрақтарын ата.

Зат есімге мысалдар келтір.

XII. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалап шығу.

XIII. Қорытынды. Топтастыру ойыны.

XIV. Үйге тапсырма: 302-жаттығу.

Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға,

не? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

Автор:
М.С.CМАГУЛОВА, №12 орта мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі, Талдықорған қаласы