Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Бастауыш мектеп»


10 июля 2019, 14:00 | 289 просмотров



Масабаева Мейрамгуль Муратбековна 9 қараша 1974жылыАқсу ауданы, Ақсу ауылында көпбалалы қарапайым отбасында  дүниеге келген.Ата аналары қатардағы жұмысшылар бола тұра , жанұядағы сегіз баланы да шамалары келгенше жоғары білімді етіп өсіруге талпынады. Жас Мейрамгуль мектепті бітірген соң әке қалауымен Тараз қаласындағы технологиялық институтқа оқуға түседі. Бес жыл мерзімдік оқуын тамамдаса да, өз қалауы болмаған соң ары қарай жұмыс жасай алмасын түсінеді.Ол жүрегінің соғысына құлақ түріп, жауапкершілігі мол мұғалімдік жолды таңдайды.Сөйтіп педагогикалық институтқа оқуға түседі.Міне , содан бері 20 жыл өтті.Мейрамгуль Масабаева жаны қалаған сүйікті ісімен айналысып, ғұмырының 20  қысын,20  көктемін мектеп қабырғасында  өткеріп келеді.Еңбек жолын Тараз қаласы № 45 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп гимназиясынан бастаған. Қазіргі таңда Талдықорған қаласы №4 орта мектептің қара шаңырағында  бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасайды.

«Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіретін болса, ол –кемел ұстаз» -деп ағартушы  К.Д.Ушинский айтқандай . Мейрамгуль Муратбековна да өз мамандығын жан-тәнімен сүйетін кемел ұстаз.Ол теория мен практиканы жете меңгеріп, іс жүзінде сабақтарына тиімді қолдана  біледі.  Әрбір шәкіртін жеке тұлға деп түсініп, оқушы жанына үңіліп,білімі мен тәлімін қатар беруді үнемі көздейді. Жігерлі еңбегінің жемісі болар оқушылары әрдайым білім көгінен жақсы нәтижелерімен көрініп жүр.Республикалық қашықтық олимпиадасында математика пәні бойынша Тұрғанбай Ержан, Мақабыл Аяулым, Абылкасымова Дарина, Ерланұлы Әбдікәрім,Жасұлан Фариза, Исахан Төрехан  атты оқушылары  бірінші орынға  ие болды . Ал  Масалим Нұрали мен Алибекова Аяулым қазақ тілі пәнінен Республикалық қашықтық олимпиадасында бірінші орынға ие болды. Қалалық кіші ғылыми академиясына   Ерланұлы Әбдікәрімнің  дайындаған «Жылқы» атты жобасы бірінші орныға иеленді,Мақабыл Аяулымның «Зергерлік бұйымдар», Жасұлан Фаризаның «Қымыз » атты жобасы жүлделі бірінші орынға иеленсе, Маратқызы Тахминаның «Ұзын шаш-қыздың көркі»атты жобасы Бас жүлдені жеңіп алды.. Бұл да ұстаздың жігерлі еңбегінің арқасы десем артық болмас деп ойлаймын.Мектепішілік олимпиада да қатысқан оқушылары жүлделі орынсыз қайтқан емес.

Әрине сыныбының білім сапасы да жыл сайын осы еңбектің арқасында өсіп отырғаны сөзсіз. Биылғы оқу жылы өзінің жетекшілік етіп отырған 4  «ә» сыныбының білім сапасы 76 %   жетті. Осы сынды ұстаздың ірілі –ұсақты жеңістері бір төбе.

Білікті ұстаз еңбек жолында көптеген алғыс хат пен  Құрмет грамоталарымен марапатталып келеді.Сондай-ақ , Мейрамгуль Муратбековна өз ұстаздық білімін сынап үнемі жоба-байқауларға ат салысып жүреді.  Қалалық «педагогикалық оқуда» бас жүлдені жеңіп алып мектеп мерейін тағы бір асқақтатты. Облыстық «үздік бастауыш сынып мұғалімі -2014» байқауына қатысып «шығармашыл мұғалім» номинациясының иегері де атанды.

Мейрамгуль Муратбековна  білім көкжиегін кеңейту жолында  «Жаңа білім мазмұнының берері мол..», «Бастауыш мектептің математика сабағында саралап деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану жолдары», « Формативті бағалаудың оқушы жауапкершілігін арттырудағы ролі » т.с.с.мақалалары облыстық , республикалық басылымдарды жарық көрді. Сонымен қатар аймақтық ғылыми-әдістемелік конференцияларға да қатысып баяндамалар оқып өз іс –тәжірибесімен бөлісуден еш аянбаған ұстаздың бірнеше жарық көрген әдістемелік құралдыры да республика көлемінде таратылды. Атап айтатын болсақ :  «1-4 сыныптарүшін көшіріп жазуға арналған мәтіндер жинағы»,  «1-4 сыныптар үшін бақылау жұмысының жинағы», «1-4 сыныптар үшін мазмұндамалар  жинағы»,  «1-4 сыныптар

үшін диктанттар  жинағы» міндетті және мүмкіндік деңгейде оқушы үшін де, ұстаз үшін де ыңғайлы етіп жазылған. Әрине мұнымен еңбекқор ұстаз тоқтаған жоқ, қазіргі таңда «1-4 сыныптар үшін математикадан логикалық тапсырмалар жинағы» баспаға берілді, жақын арада бұл еңбегімен де танысамыз деп ойлаймын.

         Ізденімпаз, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім ретінде қалалық, облыстық, республика  көлеміндегі семинарларда ашық сабақ, тәрбие сағаттарын беріп, ол сабақтар жоғары бағаланып, іс-тәжірибесі қала, облыс, республика көлемінде таратылуда.

          Сонымен қатар ізденімпаз ұстаз үнемі ізденуден де жалыққан емес. Қазіргі заман талабына сай «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша  мұғалімдерді оқыту курстарын» аяқтады.

Өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын ұстаздың осы жолда жеткен жетістіктері де аз емес.  «Ұлағатты ұстаз»,  «Ұстаз даңқы-100 есім» төсбелгілерімен марапатталған.Осы аз ғана уақыт аралығында  өзінің жұмысына деген адалдығының , алдында отырған кішкене шәкірттеріне деген махаббатының арқасында  әріптестеріне де, ата аналарына да сыйлы ұстаз. Мұның бәрі Мейрамгуль Муратбековнаның толассыз еңбегінің жемісі мен ұйқысыз таңдарының куәгері.

Мейрамгуль Муратбековна қиыншылығы мен қызығы мол ұстаздық өмірді де әсем ұштастыра білген жан.Ардақты  ана, жанына жалау болған сүйікті Ғайни есімді қызы бар.

Автор:
Мухаметбек Алина