Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шілде айының 13-20 аралығында аталған облыс орталықтарындағы ЖОО-да "Серпін" бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары


15 июля 2019, 05:36 | 1 547 просмотров



Құрметті Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Қызылорда облысы түлектері және ата-аналар назарына. Шілде айының 13-20 аралығында аталған облыс орталықтарындағы ЖОО-да "Серпін" бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында университетіміздің қызметкерлері жұмыс жасап жатқандығын хабарлаймыз. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті сіздерді өз оқу ордасында күтеді.

Талдықорған қаласы - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

Тараз қаласы - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Шымкент қаласы - М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

Түркістан қаласы - Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.

Қызылорда қаласы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.