Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақтөбеде көпбалалы аналар облыстық әкімдікті басып кірді


16 июля 2019, 04:52 | 1 703 просмотра



Ақтөбеде көпбалалы аналар облыстық әкімдікті басып кірді. Сөздерінше биліктің көп балалы отбасыларға үйіп төккен уәдесі әлі күнге ауызбен ғана айтылып келеді. Ашынған аналар бес айдан бері әкімдіктен баспана сұрап, табалдырығын тоздырып болдық дейді. Тек ақ қағазға арыз жаздыруды ғана білетін шенділер бес айдан бері не мәселемізді шешпейді, не баспана бермейді деп отыр.

Облыс әкімін іздеп келен елуге жуық көп балалы аналардың басты талабы баспана мен бастарындағы несиелерін жабу. Бес айдан бері әкімдікке том-томдап арыз жазып, алақан жайып көмек сұрап жүргендер осы күнге дейін биліктің аналар алдында берген бір де бір уәдесін орындаған емес деп отыр.

«Ақпанан бері жүгірген аналардың біреуінің шаруасы біткен жоқ. Ішінде бір екі адамға үй береді. Сонымен бітіріп жатырмыз дейді. Әкімшіліктегі адамдардың бітіріп жатқандары сол бір екі адамға үй беру ма? Қалған аналар сонда қаңғып жүре бере ме? Осылай келе берген аналарды тағы да қорқытады, арттарыңда балаларың бар деп. Балаларымызға құдай жар болсын. Балаларымызбен бізді қорқытпасын. Қорқа-қорқа біз батыр болған аналармыз. Қазақстанның байлығы бәрімізге жетеді», -  дейді көп балалы ана Миуа БЕКБОЛСЫНОВА.

 

«Бізге үй мәселесі мен кредит жөнінде шешіп береміз деп айтқандарына қанша уақыт болды? Сол қарастырылсын. Болмаса осылай келе береміз. Бітіретін шаруалары жоқ. Келсек мазақ қылып шығарып салады. Айтатындары бір сөз. Бәрі арыз жаздырып алады. Басқа ешнәрсе жоқ», -  дейді бес баланың анасы Жанар ӘБДІРАЗАҚОВА.

 Алайда ашынып келген аналарды облыс әкімі емес, қаланың жаңадан тағайындалған басшысы қабылдады. Ертеңнен бастап әрқайсысының мәселесін жеке қарауды ұйғарған әкім арнайы комиссия құрамын, бас басыңа баспана беремін деп уәде етті.

«Ертеңнен бастап сол жұмысшы тобы құрылады. Міне, нац банк айтып отыр, бізден түсінік беретін адамдар бар. Сол жерде сіздердің арыздарыңызды жеке дара қабылдап, бүкіл жағдайларыңызды түсіндіріп айтасыздар. Сол бойынша сіздерге толық мағлұмат беріледі. Біз сіздерге қаржыландыру мәселесін шешеміз. Бастапқы жарнасын он пайыз көлемінде қалалық әкімдік мойнына алып отыр. Біз тауып береміз. Үй дайын тұр», -  деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр АБДУЛЛИН.

Баспанамен қатар бас көтерген аналар биліктен мойындарындағы несиелерін де жауып беруді талап етті. Үкімет әр көп балалы отбасыға банк алдындағы қарыздарын өтеу үшін 300 000 теңге бөлуді де ойластырыпты. Алайда әзірге тек жоба ретінде қаралып жатқан құжаттың талаптарына қашан нақты қол қойылатыны да белгісіз екен.

Автор:
https://zhasalash.kz