Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлттық университет ректорларын Президент тағайындамайтын болды


17 июля 2019, 14:57 | 445 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдап, тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап. «ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Мемлекет басшысы. 



Автор:
https://www.inform.kz