Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Арыстан 100 бала жазғы демалысын Түлкібаста өткізеді


18 июля 2019, 05:49 | 1 619 просмотров



ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Арыстық 100 бала жазғы демалысын Түлкібас ауданының лагерлерінде өткізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жеткіншектер Машат шатқалындағы «Бекзат Саттарханов» және Машат ауылы маңында орналасқан «Арман-1» лагерлерінде үш ауысыммен демалады. 

Қазіргі таңда аталған лагерьлерде Арыстан 20 бала демалуда. Демалумен қатар, оқу және сауықтыру да қаралған. Сондай-ақ, демалушы балалардың көңілін көтеру мақсатында әр күнге арнайы шаралар бекітілген.

Таулы ауданның таза ауасымен демалған кішкентай арыстықтар өз үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтады деп күтілуде

 



Автор:
https://www.inform.kz