Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстанда жетім балалар саны азайды


18 июля 2019, 11:56 | 636 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік алдағы уақытта заңды түрде жұмысын бастайды, деп хабарлайды Хабар 24. Нәтижесінде жетімдер саны тағы да азая түспек. Қазірдің өзінде жәудіркөздердің қатары кеміген. Өйткені өзгенің баласын өз бауырына басып, мейіріміне бөлеген ата-аналар көбейді. Елімізде жетімдер азайып келеді.

Жыл сайын шамамен мыңға кеміп отыр. Себеп ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды асырап, бауырға басқандар көбейді. Ел ішіндегі балалар үйінің үшеуі жабылған. Бесеуі ықшамдатылды. Нәтижесінде қазір еліміздегі тәрбиеленушілердің саны – 5 мың. Дегенмен кей ата-ана асырап алған ұл-қызды қайтарып та жатады-мыс. «Балалар үйіне келіп қайтарып беретін азаматтар бар. Бұл – үлкен проблема. Балалардың бойындағы жеке қасиеттерін көтере алмайтындар болады. Өздерінің балалары сияқты тілалғыш болады деп үміттенуі мүмкін. Бірақ жетімдер үйінен шыққандардың барлығы бірдей бола бермейді.

Түрлі қиындықты, сатқындықты көргендер. Сондықтан оларға ерекше көзқарас керек», - дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Құлсариева. Бізде баланы бауырға басқысы келгендермен қоғамдық ұйым өкілдері жұмыс істейді. Бірақ, бұл тұрғыдағы шаруаның бәрін арнайы ұлттық агенттікке беру керек,-дейді мамандар. Агенттік жұмысы әзірге заңдастырылмаған. Тиісті заң жобасы мәжілісте күзде қаралмақ. «Агенттік жұмысын пилоттық негізде бастауды ұсындық. Балалар үйі біраз шоғырланған Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында жұмыс істесе де болар еді.

Ал баланы асырап алуға келген ата-аналарға арнайы мектеп болу керек. Сол жерде барлығы үйретілуі тиіс. Осылайша асырап алушылардың жауапкершілігін арттыра аламыз», - дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Балия Әкімбекова. Алдағы уақытта жұмысын бастайтын ұлттық агенттіктің мамандары асыранды балалар мен ата-аналардың арасында денекерлік қызметін де қоса атқармақ. Әрбір отбасымен жеке айналысады

. Жалпы қазір елде балаларды пана болар отбасыға беру ісімен қоғамдық ұйымдар белсенді араласып келеді. Сонымен қатар аталған қор жетімдер үйінен бала асырап аламын деген отбасылырға да жәрдемдеседі. Осы күнге дейін 740 жанұяға қажетті кеңес берілген. Нәтижесінде әлгі отбасылар мыңнан аса баланы бауырға басыпты. Бұл игі жұмыс әлі 3 жыл бойы жүйелі түрде жүргізілетін болса, 5 мың жетім де өзіне қамқор болар ата-ананы табады.



Автор:
https://www.inform.kz