Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Каспий теңізіне ұшақ құлады


26 июля 2019, 09:50 | 688 просмотров



Әзербайжан әскери әуе күштерінің МиГ-29 ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша түнгі 22.00-де болған. Түнгі оқу-жаттығуы кезінде МиГ-29 жойғышымен байланыс күрт үзіліп, ұшақ радардан жоғалып кетеді.

Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі Каспий теңізіне құлаған.
Қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Автор:
https://jasqazaq.kz