Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕЛДІКТІҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ


29 октября 2010, 18:31 | 1 692 просмотра


Қазақ елім, алтын құрсақ, ай маңдай,

Алтын арай атқан бүгін таң қандай.

Мына күнім болды қанша бабама,

Қол жетпейтін аңызға арқау армандай.

Ал енді мен ұлы тарих көшінде,

Бебеулетем боз даламның төсінде.

Сайрап жатыр сара жолда іздерім,

Егеменді ел болғаным есімде.

Қымбат маған әр сағатым, ай, күнім,

Тәуелсіздік баға жетпес байлығым.

Әнұраным, Елтаңбам мен Туым бар,

Алты Алаштың асқақтатар айбынын.

Өрлігімді өрнектеймін өр үнмен,

Төл таңбамды көрген кезде төрімнен.

Ата тарих, келер күннің бедері

Елтаңбамның өн бойында өрілген.

Көк байрағым – шыңға біткен шынарым,

Өлмес рух пен намыс, ұлттық құнарым.

Самғар биік болашаққа көз тігіп,

Алтын күнді арқалаған қыраным.

Жаса, өрле, менің елім, шарықта,

Әнұраным, қуат бергін халыққа.

Ұлтын сүйген жүректердің дүрсілі

Дүбірге айнал, ән боп көкте қалықта.

Қазақ елім, бағың асып тұр бүгін,

Күллі әлемге өнеге боп тірлігің.

Нұрлы күннің елге дарып шуағы,

Арта берсін береке мен бірлігің.

Автор:
Нағима Тұрлыбаева, №8 орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Текелі қаласы