Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Павлодарлық оқушы Парижде өткен халықаралық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды


30 июля 2019, 05:21 | 1 745 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Павлодар облысының 10 сынып оқушысы Владислав Черданцев Франция астанасында химия пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облысымыздағы 8-ші мектептің 10-шы сынып оқушысы Черданцев Владислав Парижде өткен химиядан халықаралық олимпиаданың (IChO) күміс жүлдегері атанды. Ұстазы Молокова Ирина Николаевна. Құтты болсын!» - деп жазды Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Facebook-тегі парақшасында.



Автор:
https://www.inform.kz