Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Асқат Қалиасқаров Талдықорған әкімінің орынбасары болып тағайындалды


12 августа 2019, 05:21 | 1 717 просмотров



 

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқат Мейрамғалиұлы 1973 жылы Алматы облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Сарқан ауданындағы «Мұқан» шаруа қожалығында есепші болып бастаған. 2001-2007 жылдары Сарқан ауданы бойынша салық комитетінде инспектор, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2007-2009 жылдары «Достық» кеденінде қызметте болды. 2009-2010 жылдары Сарқан ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2011 жылдары Ақсу ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, ал 2011 жылдан осы уақытқа дейін Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.