Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Украинадағы қандастарымыз Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды


12 августа 2019, 14:35 | 553 просмотра



«Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы»: Украинадағы жергілікті қазақтар осы жолы Абайдың әндерін шырқамаққа бас қосты. Осылайша Ұлы ақынның өлеңдерін оқу эстафетасын Киевтегі қазақ диаспорасының өкілдері жалғастырды

. Дөңгеле жайылған дастархан, онда ұлттық тағам түрлері қойылыпты. Оюлы көрпе көздің жауын алады. Абай өлеңдерін оқу челленжді Украина қазақтарына да жетті.

Абай шығармаларын оқу эстефетасын жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері аса қуанышпен қабылдағанын айтады. Сондықтан бүгінгі бас қосуда қазақ әндері, әсіресе ақын әндері молынан шырқалды. - Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп, ауылдың жаңы терең сай, тасыған өзен гүрілдеп..

«Елге деген сағыныш және ұлтқа деген махаббат тұнып тұр Абай өлеңдерінде» дейді Киевтегі жергілікті қазақтар.

Мұндай флешмоб қазақ қауымдастығының бірлігі мен достығын да арттыруға септігін тигізіп отыр. Алмагүл Кенжебаева, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі: - Киевтегі қазақтар жиі бас қосамыз.

Қазақстанға деген сағынышымызды, махаббатымызды Абай әнінің арқасында өзіміздің жеткіземіз сағынышымызды. Мұрат Дәрібаев, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі: - Абайдың әні жалғыз біз қазақтар ғана емес, бұл дүниежүзіне танылған. Сондықтан бүгін өте көп әндерін скл оның бәрі жүрекке жақын. скл Абайдың әр әнінде еліне деген, қазақ еліне деген үлен махаббат жатыр.

Абайдың шығармаларын оқу эстафетасы Ұлы ақынның мол мұрасына деген махаббатты қайта тұтатқаны рас. Әсіресе туған отанынан жырақта жүрген қандастар үшін бұл флешмобтың орны бөлек. Киевтегі диаспора өкілдері бұл игі шараны дәстүрлі түрде өткізу керектігін айтады.

Автор:
https://24.kz