Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақтөбеде магистратура талапкерлерінің тестілеуі кезінде 600-ден астам телефон тәркіленді


13 августа 2019, 09:24 | 712 просмотров



АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде магистратура талапкерлерінің тестілеуіне қатысушылар мұқият тексерілді. Үш күнде 616 телефон тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық кеңсесі магистратура тестілеуіне қатысты. Тамыздың 10-14 аралығындағы тестілеудің алғашқы үш күні бақылаушыларды таңқалдырды.


«Тестілеу Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында өтіп жатыр. Ашықтық пен әділдікті бақылаған «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері тестілеуді көріп, жағаларын ұстады. Үш күнде 616 телефон тәркіленді. Барлығы 29 талапкердің нәтижесі жойылды. Ал 572 адамның тек 32-і шекті балды жинады», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі



Автор:
https://www.inform.kz