Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1-2 күнде бұйрыққа қол қоямын – Білім министрі мектепте ашықтықты жариялауға міндеттемек


13 августа 2019, 14:40 | 632 просмотра



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі бюджет пен кадр, штаб кестесі жайлы ақпараттарды ашық түрде жариялауды міндеттейтін бұйрыққа қол қойғалы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл сұрақ бірнеше жыл бойы көтеріліп келе жатыр. Жалпы, мектептерде, білім беру ұйымдарында ашықтықты жариялау мәселесі өте өзекті. Бюджет, штаб кестесі, тарификация – өте маңызды. Біз қазіргі таңда тиісті министрліктің бұйрығын дайындадық. Мен осы бір-екі күннің ішінде қол қоятын боламын. Осы бұйрыққа сәйкес, барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары өздерінің сайттарында өздерінің бюджетін ашық жариялайды. Бірақ, ол бюджетті жай ғана қоя салмай, барлық қоғамға түсінікті болатын тілмен жазып қоюға міндеттеледі. Екіншіден, штаттық кестесін, үшіншіден тарификацияны жариялауы керек. Тарификация дегеніміз – қай мұғалімде неше сағат екенін жариялайтын ақпарат», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Асхат Аймағамбетов бұл қадам не үшін маңызды екенін де түсіндірді.

«Жемқорлық мәселесін алдын алуда бұл қадамның маңызы өте зор. Себебі, кейбір білім беру ұйымдарында штаттық кесте бойынша жұмыскерлер бар дегенімізбен, сол мектепте істеп жатқан адамдардың өздері сол адамдардың бар-жоғын білмейді. Соны жария ететін болсақ, барлық ұжым кімнің қанша сағаты барын, кімнің жұмыс істеп жатқанын, қандай лауазымда екенін білетін болады. Бұл әлбетте, жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз», - деді министр.



Автор:
https://www.inform.kz