Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Әліппеден» басталған даналықтың данасы


19 августа 2019, 05:53 | 1 600 просмотров



Бұрындары мектепте «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі өтетін. 2016 жылы оқулықпен шынымен қоштастық. Орнын «Сауат ашу» басты. Білімнің бастауы, тәрбиенің мөлдірі «Әліппемен» бірге кеткендей күй кештік. Ендігі жеткіншек «Саққұлақ» күшіктің жырын, «Зығыр» әңгімесін оқымай ма деп қынжылдық. Тамыз конференциясынан сүйінші хабар жетті. 2021 жылдан бастап «Әліппе» мектеп бағдарламасына енеді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап беташар оқулықтың мектеп бағдарламасына кіретінін мәлімдеді.

«Ұстаздар болсын, ата-аналар бол­сын, көптен әліппе мәселесін кө­теріп жүр. Бұл мәселе – өте маңыз­ды. Біз «Әліппені» қайтару ке­рек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өз­деріңізге жақсы таныс, қазақ ті­ліне бейімделген Ахмет Бай­тұр­сы­новтың әдістемесі негізінде енгізі­ле­тін болады. Әліппе – сынақ өткі­зе­тін алаң емес. Бізде нақты қазақ ті­ліне бейімделген әдістеме бар. Ол – Ахмет Байтұрсыновтың әдіс­те­месі. Сондықтан ештеңені ойдан шы­ғармай, осы әдістеме негізінде жұ­мыс жүргіземіз», – деді министр та­мыз конференциясында. Қазақ баласы үшін А.Бай­тұр­сы­нов жазған «Әліппеден» артығы жоқ. Мұ­ны министрдің өзі мақұлдап отыр. Біріншіге барған бала алдымен әріп жаттап, сосын сауат ашатыны қуан­тады.


Автор:
https://aikyn.kz