Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Елордадағы көрмеде білім беру саласындағы жаңа технологиялар көрсетілді


22 августа 2019, 04:32 | 1 350 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан білім көрмесінде педагогикалық технологиялардың жаңа үлгілері көрсетілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ресми сайты.

«Көрме» орталығында Тамыз кеңесі аясында елордалық білім көрмесі өтті. Көрмеде қалалық білім ұйымдарына инновацияларды енгізу жөніндегі жетістіктер ұсынылды.

Бұл шараға 4565 ұстаз, 504 ата-ана, 650 бала және 195 студенттер, сонымен қатар қонақтар мен еріктілер қатысты. Қатысушыларға экскурсия және ойындар ұйымдастырылды

.

Сонымен қатар, қатысушылар интерактивтік ойындардың жаңа үлгілерімен танысты. Шарада «Lesson study», «Критериалды бағалау», «Кәсіптік оқыту», «Инклюзивтік білім беру» білім беру технологиялары аумағы ашылып, STEM-олимпиадасы жеңімпаздарының қолымен жасалған ғарыш кемесінің, шағын мұнаралардың, көпірлер баламалары ұсыну көзделіп отыр. Сондай-ақ, көрмеде заманауи көп функционалды және жабдықтарымен жабдықталған кабинеттер, робототехника, STEM, физика, химия, радиоэлектроника, 3D технологиялары, ұшу аппараттары бар, бірегей заманауи дизайні бар кабинеттер мен бос мектеп кеңістіктері, балабақшлардағы интерактивті оқу жабдықтары бар 17 әлеуметтік серіктестер Ресей, Оңтүстік Корея, Польша, Финляндия мемлекеттерінің кеңейтілген павильондары орнатылған.



Автор:
https://www.inform.kz