Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Нұр-Сұлтанда кітап фестивалі өтеді


22 августа 2019, 04:39 | 952 просмотра



Нұр-Сұлтан қаласында «KITAP FEST» кітап фестивалі өтеді. Бұған 5 жыл қатарынан Алматыда ұйымдастырылып келген фестиваль шағын кітап алмасу дәстүрінен ауқымды мәдени-танымдық іс-шараға айналды. Жыл сайын мыңдаған кітапсүйер азаматтың, талантты ақын-жазушылар мен табысты блогерлердің, қоғам қайраткерлері мен белсенділердің басын қосатын жоба биыл бірінші рет ел астанасына келеді.

5 жыл ішінде «KITAP FEST» алаңында авторлар мен баспа үйлерінің қатысуымен 130-дан астам кітаптың тұсауы кесіліп, қонақтарға 20 мыңға жуық кітап сыйға тартылды, 70-тен аса кітап дүкені жәрмеңкеге қатысып, 45 блогер сүйікті кітаптарымен бөлісті. «KITAP FEST 2019» фестивалі 25 тамыз күні сағат 10:00-19:00 аралығында Есіл өзенінің жағалауындағы Арбатта өтеді. Шара аясында кітап жәрмеңкесі, «IBOOKYOU» кітап алмасу дәстүрі, отандық жазушылар және белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастырылады. 

Автор:
https://aikyn.kz