Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақ тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары


29 октября 2010, 19:09 | 2 379 просмотров



Сабақты тақырыбы: Көктемгі ауа райы

Сабақтың мақсаты: 1. Тілдік қарым-қатынасқа сәйкес негізделген лексика-грамматикалық минимумдар арқылы аталған тақырып төңірегінде қазақша өз ойын дұрыс, тұсінікті жеткізу, сауатты жазу;

2. Тілдік лексикасын байыту, дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Әртүрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу пәнге қызығушылығын арттыру;

3. Табиғатты қорғауға, аялап сүйе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, ассоциация құру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс.

Типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.

Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық.

Ұйымдастыру формасы: жұппен, топпен, жеке жұмыс

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг өткізу / Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

2.Сабақтың барысымен таныстыру.

ой шақыру/ ассоциация құру/

Сөздікпен жұмыс /ұжымдық жұмыс/

Оқулықпен жұмыс/топпен жұмыс/

Грамматикалық тапсырма

Блиц-турнир

Ой жалғастыру.

Полиглот.

—.Қорыту Деңгейлік тапсырмалар

— Үйге тапсырма

— Білімдерін бағалау.

2. Жаңа сабақ. Психологиялық даярлық.

- Сабақтың мақсатын айқындау

- Қызығушылығын ояту. Ассоциация құру

Көктем

Ендеше, балалар, бүгінгі тақырыбымыз « Көктемгі ауа райы»

Сөздікпен жұмыс

Сең /ң/ - льдинка Бұлтты /ұ/- облачный

Бүршік /і/ - почка Қатады /қ/-........

Жер жібиді /і/ - ...... кеш- ..........

Берілген сөздерден тақырыпқа қатыстырып сөз тіркесін құра

Сең........ сең жүреді, сең бұзылды

Бүршік............ жарады, бүршік пайда болады, ағаштардағы бүршік

Жер жібиді, .. көктемде жер жібиді, күндіз жер жібиді,қатқан . жібиді

Бұлтты.... бұлтты аспан, бұлтты ауа райы, бұлтты күн,бүгін

Бұлтты қатады.... . су қатады, кешке қатады

Кеш....... кеш келді, кеш қалды,кеш болды.

Суретпен жұмыс /оқулықпен жұмыс/

Топпен жұмыс

1-тапсырманы оқып, түсіну. Суретпен жұмыс жүргізу.

Дәптерге көшіріп жазу.

Тақтамен жұмыс

- Грамматикалық тапсырма. Етістіктердің астын сыз, құрамына талда.

Ой жалғастыру

Берілген мақал-мәтелдерді суретпен сәйкестендір

Қыз өссе- елдікң көркі,

Гүл өссе- жердің көркі.

Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

Көктемнің бір күні

Қыстың бір айын асырайды

Бір тал кессең, он тал ек

Полиглот .

Берілген өлең сөзіне жауапты 3 тілде айту

Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып, жылиды,

Бұл қай кезде болады?

3. Қорыту

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

3-деңгей. Суретке қарап, берілген сөз тіркесін қолдана отырып сөйлемдер құр

2-деңгей . Суретке қарап әңгіме құра

1- деңгей. « Көктемгі ауа райы « тақырыбына эссе жазу

4. Үйге тапсырма «Көктем» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.

5. Білімдерін бағалау.

Автор:
Х. Р. АМИРБЕКҚЫЗЫ, №9 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Талдықорған қаласы