Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Курсанттар даярлықтан өтуде


27 августа 2019, 04:37 | 1 746 просмотров



Алматыда Құрлық әскерлері әскери институты оқу-жаттығу орталығының базасында бірінші курс курсанттары жалпы әскери даярлықтан өтуде. Олар «танктің астына жату» жаттығуын орындады.

Болашақ офицерлер үшін бұл – беріктік пен өзін-өзі ұстай білу­ді тексеру түрі. «Танк астына жату» психологиялық беріктігін қалыптастырып, сонымен қатар кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындау мүмкіндігін қалыптастырады. Бұл – өз өмірін әске­ри қызметпен байла­ныс­ты­руға шешім қабылдағандар үшін маңызды қасиет.

Бір ай бойы болашақ офицер­лер әскери істің қыр-сырын мең­гер­ді: әскери жарғыларды, инже­нер­лік және алғашқы медици­на­лық даярлық негізде­рін зерделеді, автоматтан атуды үйренді, толық жабдықта қару­мен жаяу марш жасады, жалпы әскери пәндер бойынша бақылау кешенді сабақ­тарын оқыды. Жалпы, әскери даярлық курс­тары ары қарай оқуға бейімдеп, тәртіпке, дене даярлығы мен саптық ептіліктің қалыптасуына әсер етеді. Осыдан кейін кур­санттар ант қабылдап, Құрлық әскерлері әскери инс­ти­тутында оқуды бастайды.

Айта кетейік, Құрлық әскер­ле­рінің әскери институты – қазақ­стандық үш әскери жоғары оқу орнының бірі. Институт Қарулы Күштердің кадр офицер­лерін даярлайды. Биыл институтқа Қазақстанның әр өңірінен жалпы саны 300-ге жуық жасөспірім оқу­ға түсті. Оқуға қабылдау кезең­дік конкурстық іріктеу жолымен жүргізілді.


Автор:
https://aikyn.kz